AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодекст...

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Саясат Бүгін 13:31 59
Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов
Елеужан Серімовтің фейсбук парақшасынан

Субъективтік құқықтың заңнамада бекітілуі оның толыққанды жүзеге асырылуына өздігінен кепілдік бермейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика және құқықтық терминология орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Елеужан Серімов Азаматтық кодексті жетілдіру жөніндегі ойларымен бөлісті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөнінде бастама көтерді. Аталған бастаманы қолдаймын, өйткені азаматтық заңнаманы жаңарту құқықтық айқындықты қамтамасыз ету, жеке мүдделерді қорғау және азаматтық құқық институттарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызға ие. Жаңа Кодексті әзірлеу кезінде назар аударуды қажет ететін негізгі мәселелердің бірі ретінде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау тетіктерін жетілдіруді атап өтуге болады. Субъективтік құқықтың заңнамада бекітілуі оның толыққанды жүзеге асырылуына өздігінен кепілдік бермейді. Сонымен қатар оны жүзеге асырудың құқықтық шектерін, қорғау шарттарын және азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың теріс пиғылды әрекеттерінің құқықтық салдарын нақтылау маңызды", деді Елеужан Серімов.

Заңгердің пайымдауынша, азаматтық айналымға қатысушылардың адал әрекет етуі және құқықты теріс пайдалануға жол бермеу жөніндегі ережелерді одан әрі дамыту ерекше мәнге ие. Мәселен, меншік құқығын жүзеге асыру немесе шарттық міндеттемелерді орындау барысында бір тараптың әрекеттері екінші тараптың заңды мүдделеріне негізсіз нұқсан келтірмеуге тиіс.

"Жаңа Азаматтық кодекс азаматтық құқықтарды еркін жүзеге асыру қағидаты мен өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау міндеті арасындағы арақатынасты ескере отырып, осы мәселелерді неғұрлым жүйелі реттеуі қажет. Аталған құқықтық тетіктерді жетілдіру азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын заң жүзінде бекітумен қатар, олардың азаматтық айналымдағы нақты қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", 0 деп қорытты ойын ғалым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс беру уақыты мен орны туралы Алматы қаласының сайлаушыларын хабардар ету

Бүгін 13:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);