AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда медицина мамандықтарына бөлінетін білі...

Қазақстанда медицина мамандықтарына бөлінетін білім гранттары көбейді

Әлеумет 19.07.2022, 10:11 1,347
Қазақстанда медицина мамандықтарына бөлінетін білім гранттары көбейді
Сурет: Moskva.bezformata.com

Қазіргі уақытта бакалавриатқа барлығы 2700 грант бөлінді.


Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандықтар бойынша бакалавриатқа және резидентураға білім гранттарының санын арттырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Қазіргі уақытта бакалавриатқа барлығы 2700 грант бөлінді: «Мейірбике ісі», «Фармация», «Жалпы медицина/Медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық» мамандықтарына - 2335 грант, квота - 365 грант (жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар және т. б.), 20 грант - халықаралық келісімдер шеңберіндегі гранттар. 


Магистратураға Денсаулық сақтаудағы менеджмент, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейірбике ісі, Фармация, Биомедицина, Медицина, Медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша 325 грант бөлінді. 


Мәселен, 2023 жылы мемлекеттік гранттардың саны 1500-дің орнына 1700-ге дейін, 2024 жылы - 1800, 2025 жылы - 2000-ға дейін ұлғаяды. 


Айта кетері, резидентураның мемлекеттік білім тапсырысын бөлу кезінде денсаулық сақтау, аймақтандыру басқармаларының өтінімдеріне және ЖОО, ҒЗИ, ҰО өтінімдеріне сәйкес өңірлердің қажеттілігі ескеріледі. 


Тұтастай алғанда, медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердің қажеттілігі мен жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері ескеріле отырып қалыптастырылады.


Жыл сайын республикалық комиссия денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін мамандықтар бойынша білім гранттарын алқалы түрде бөледі. 


Мәселен, 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жыл сайын мемлекеттік тапсырыс беру көзделеді: бакалавриат – 2700, резидентура – 1500, магистратура – 325, докторантура – 160 орын. Бұл ретте аса тапшы мамандықтарды бөлу жоғары оқу орындарын өңірлендіруді ескере отырып, өңірлердің қажеттіліктері мен өтінімдері негізінде комиссиялық түрде қалыптасады. 


17 мамырда резидентурада медицина кадрларын даярлау үшін мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия медициналық жоғары оқу орындарына білім грантын бөлді. 


ҚазҰМУ - 380, БҚМУ - 166, ҚМУ-174, СМУ-172, АМУ-194, ОҚМА-87, ҚРМУ-76, ҰҒКО-23, ХҚТУ-20, ҰҒМО,-6, UMC корпоративтік қоры -62, ҰНО-10, Травматология және ортопедия ҒЗИ-8, урология ҒО - 2, ҚазҒЗИ көз аурулары - 10, АГжПҒО-29, Сызғанова атындағы хирургия ҰҒО -14, ҰҒОО -24, ПжБХҒО-20, КжІАҒЗИ -10, ҚазОРҒЗИ – 13.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #грант #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);