AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда маска тағу талаптары жеңілдетілді

Қазақстанда маска тағу талаптары жеңілдетілді

Әлеумет 24.03.2022, 14:00 1,230
Қазақстанда маска тағу талаптары жеңілдетілді
Сурет: Inform.kz

Үй-жайларда маска тағу міндетті емес.


Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты.


Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:


- үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;


- медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;


- адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;


- білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.



Сондай-ақ комиссия шешімімен Pfizer препаратымен вакциналауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:


- бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;


- түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;


- шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;


- COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.


Отырыс соңында Ералы Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақытылы иммундау және ревакциналау екенін атап өтті. Ол әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маска #коронавирус #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Бүгін 10:28

Күн ақырындап жылиды: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін 09:05

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);