Қазақстанда кәсіпқой футзал лигасы құрылды

Қазақстанда кәсіпқой футзал лигасы құрылды Сурет: Prosports.kz

Негізгі қызметіне футзалдан ішкі жарыстарды ұйымдастыру жатады.


Қазақстанда кәсіпқой футзал лигасы құрылды. Мұндай шешім ҚР футбол федерациясының қабырғасында өткен отырыста қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Федерацияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеңес барысында елімізде футзалды дамыту мәселесі талқыланды.


Лига құру туралы шешімді футзалдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының барлық клубы бірауыздан қолдады.


Лига президенті болып Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің басшысы Асқар Әбілдаев сайланды.


Ұйымның негізгі қызметі футзалдан ішкі жарыстарды ұйымдастыру болмақ. Олар: OLIMPBET - ҚР чемпионаты, OLIMPBET - ҚР кубогы, OLIMPBET - ҚР суперкубогы, сонымен қатар барлық жас ерекшеліктері бойынша ел біріншіліктері (U-13, U-15, U-17).


Сондай-ақ кеңестің күн тәртібінде футзалдан Қазақстан Бірінші лигасын құру және жаңа маусымнан бастап футзал командаларын лицензиялауды енгізу мәселелері қамтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02