Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жыл сайын 100 мыңға жуық жас жұбай нек...

Қазақстанда жыл сайын 100 мыңға жуық жас жұбай неке қияды

Әлеумет 12.09.2021, 10:21 1,662
Қазақстанда жыл сайын 100 мыңға жуық жас жұбай неке қияды
Cурет: Syr-media.kz

Елімізде 2013 жылдан бастап Отбасы күні аталып өтеді.


Бүгін елімізде Отбасы күні мерекесі аталып өтілуде. Аталған мереке елімізде 2013 жылдан бастап тойланып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Мемлекет бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда Отбасы күні ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Жарлығымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтедi. Биыл бұл дата 12 қыркүйекке сәйкес келді. Биыл айтулы күн қарсаңында елордадағы «Астана-Бәйтерек» монументінде жас жұбайлар салтанатты түрде некелесті. Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров қатысты.



«Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Отбасылық және гендерлік саясат концепциясына елеулі өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Жыл сайын Қазақстанда 100 мыңға жуық жас жұбайлар неке қияды. Бүгінгі осы салтанатты шараның «Бәйтерек» монументінде өтуі – сіздердей жас отбасылардың өсіп келе жатқан ағаштай тарихи тамырын сақтап, мықты тірегі бар, болашаққа ұмтылысы бар мемлекетке айналатынын білдіреді», - деген еді Асқар Умаров.



Елімізде Отбасы құндылығын сақтап, дәріптеу мақсатында жыл сайын ауқымды шаралар қолға алынып жатыр. Соның бірі «Мерейлі отбасы» — ұлттық байқауы. Аталған байқау Елбасының бастамасымен 2013 жылы құрылған болатын. Мақсаты – отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Жыл сайын өтетін байқауда республика бойынша 17 үздік отбасы анықталады. Биыл конкурстық комиссияға барлығы 2 768 өтінім келіп түсіпті (68,7% ауылдық отбасы, 31,3% қалалық отбасы). Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізу керектігін алға тартты.



«Осы жаздың басында менің Жарлығыма сәйкес Үкімет Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Осы маңызды құжат Қазақстанда адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұзақ мерзімді институттық негіз қалыптастырады. Атап айтқанда, кешенді жоспар қабылданғаннан кейін гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс басталды. Осыған орай әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымын барынша қолдауды қамтамасыз еткен жөн. Бұл жұмысқа Президент Әкімшілігі жауапты. Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына да өзгерістер енгізген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау барысында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #отбасы #Отбасы күні #неке #жас жұбайлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Кеше 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі