AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жүк тасымалы көлемі артып келеді

Қазақстанда жүк тасымалы көлемі артып келеді

Әлеумет 29.03.2022, 05:32 1,260
Қазақстанда жүк тасымалы көлемі артып келеді
Сурет: Grifonord.ru

Tеміржол көлігімен жүк тасымалы 10%-ға өскен. 


Қазақстан Үкіметінің мәліметі бойынша, жүк тасымалы көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылдың алғашқы екі айында елімізде жүк тасымалы көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама артты. Атап айтқанда, теміржол көлігімен жүк тасымалы 10%-ға өсіп, 70,8 млн тоннаны, транзиттік жүктерді тасымалдау 20%-ға артып, 4 млн тоннаны құрады. Сонымен қатар, контейнерлермен тасымал 12%-ға ұлғайып, 174,7 мың жиырма футтық баламаға жетті», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Жүк тасымалы көлемінің өскені туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді.  


Министр өз баяндамасында биыл алдымызда теміржолмен жүк тасымалы көлемін 420 млн тоннаға, транзит тасымалдарды 24,5 млн тоннаға және контейнерлер транзитін 1,1 млн жиырма футтық баламаға жеткізу міндеті тұрғанын атап көрсетті.


Жалпы, еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудың негізгі көрсеткіштері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасында айқындалған. Соған сәйкес, 2025 жылға дейін Қазақстанда транзиттік тасымал көлемі 30 млн тоннаға дейін жетуі тиіс. Осы мақсатта теміржол инфрақұрылымын салу, жылжымалы құрамды жаңарту, жүктерді контейнерлендіру, балама бағыттар мен халықаралық дәліздерді дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүк #тасымал #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);