AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда жекеменшік мектептерге арналған мемлек...

Қазақстанда жекеменшік мектептерге арналған мемлекеттік тапсырыстың жаңа жүйесі іске қосылды

Білім және ғылым 14.11.2025, 10:27 446 dulatbekova
Қазақстанда жекеменшік мектептерге арналған мемлекеттік тапсырыстың жаңа жүйесі іске қосылды
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастырудың жаңа тетігіне байланысты қанатқақты жоба іске қосылды.

Оқу-ағарту министрлігі мен облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалалары әкімдіктерінің бірлескен бұйрығымен «2025-2026 оқу жылына арналған жекеменшік білім беру мекемелерінде орта білім беруге байланысты мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастырудың жаңа тетігі» пилоттық жобасы бекітілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Аталған жоба қаржыландырудың ашықтығын арттыруға, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға және барлық баланы сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Кейінгі жылдары елімізде жекеменшік мектептердің саны шамамен мыңға жуықтап қалды. Білім саласындағы жеке бизнестің ұлғаюы жақсы үрдіс. Алайда қазір мемлекеттік тапсырысты алу тәртібі жаңарту мен жетілдіруді қажет етеді.

Жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде жекеменшік мектептердегі оқушыларды есепке алу мен қаржыландыру бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Ұлттық білім беру дерекқорында мемлекет есебінен қаржыландырылатын оқу орнында тіркелген балалардың іс жүзінде мүлдем басқа мектепте оқитыны белгілі болды. Ал жекелеген өңірлерде кейбір мектептер оқудан шығып кеткен оқушылар үшін де ақша алып отырған. Сондай-ақ білім беру қызметіне қатысы жоқ мемлекеттік сатып алу жүйесінде тіркелген ұйымдар анықталды. Мұның барлығы жүйеге реформа қажет екенін байқатып отыр.

Түйіткілді мәселелерді шешу мақсатында Қаржы министрлігіне қарасты «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ жаңа ақпараттық жүйені әзірледі. Аталған технология E-Qazyna.kz платформасына енгізілген және пайдаланушылардың жұмысын жеңілдетумен қатар бұл деректердің дұрыстығын бақылауды күшейтеді. Жүйеде оқушылардың саны мен контингенті, рұқсат құжаттарының бар-жоғы автоматты түрде тексеріліп, білім беру саласындағы ақпараттық жүйелермен біртұтас болады.

Бірыңғай әкімшілік басқаруды қамтамасыз ету үшін «Қаржы орталығы» АҚ Қаржы министрлігінің қарамағына берілді. Орталық қанатқақты жобаның операторы ретінде ұйымдастыру-әдістемелік қолдауды жүзеге асырып, қатысушыларға кеңес беру, мониторинг жүргізу, қабылданған актілерге сәйкес төлем жүргізу қызметтерін атқарады.

Осы жобаны іске асырудағы негізгі рөл жергілікті атқарушы органдарға – білім беру басқармаларына жүктеліп отыр, олар мемлекеттік тапсырыстарды орналастырып, қорытынды есептерді бекітеді, сондай-ақ келісімшарттар жасап, www.e-Qazyna.kz веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтер туралы актілерді қабылдайды.

Келесі кезеңде бұл жүйеге білім беру саласындағы басқа да мемлекеттік қаржыландыру құралдарын – гранттарды, шәкіртақыларды, жатақханада орындармен қамтамасыз ету және басқа да қолдау түрлерін біріктіру көзделген.

Жаңа ақпарат жүйесі 12 қарашада іске қосылды. Білім беру қызметтеріне цифрландыруды енгізу – мемлекеттік сатып алулар қызметіндегі бюджет қаражатының ашықтығын арттырып, түсінікті етуді көздейді және уақтылы, орынды қаржыландырудың әкімшілік қадағалауын қамтамасыз етеді. Бұл жаңашылдық бюджетке түсетін жүктемені азайтып, бәсекелестікті арттырады және білім беру саласына жеке инвестицияны көбірек тартуға әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жекеменшік мектептер #мемлекеттік тапсырыс #жаңа жүйе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);