AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда жаңа зауыттар салынады

Қазақстанда жаңа зауыттар салынады

Экономика 10.09.2021, 12:43 2,388
Қазақстанда жаңа зауыттар салынады
Сурет: Vlast.kz

Болашақ зауыттарда жол-құрылыс техникасы мен тұрмыстық ас үй плиталары шығарылады.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде мамандандырылған арнайы техникалар құрастыру  жөніндегі жобаларды іске асыратын шетелдік және отандық компаниялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Министрдің JCB компаниясының Ресей мен ТМД-дағы жетекшісі және Orbis Kazakhstan компаниясының Бас директоры Николас Грилспен кездесуі барысында тараптар JCB брендінің мамандандырылған жол-құрылыс техникасын құрастыратын өндіріс ашу туралы жобасын талқылады. Николас Грилс ҚР Үкіметі тарапынан отандық өндірушілерге үлкен қолдау көрсетілетінін атап өтіп, JCB компаниясының Қазақстан нарығына ұзақ мерзімге келетіні туралы ниетін білдірді.


Orbis Kazakhstan компаниясы Өзбекстанның Artel Electronics компаниясымен бірлесе отырып, Түркістан облысында тұрмыстық ас үй плиталарын шығаратын зауыт салу жоспарын жариялады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1 млн. тұрмыстық техниканы құрайды. Бұл жоба Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, нарықты отандық өндірістің сапалы әрі қолжетімді тұрмыстық техникасымен қамтамасыз етеді.


Министр отандық өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат шеңберінде бұл бастамаларды қолдауға дайын екенін білдіріп, Қазақстан Республикасының көлік құралдары мен түрлі техниканы құрастыру жөніндегі ірі орталық ретінде әлемдік тізбекке енуі қажеттігі туралы айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #шетелдік #зауыт #жаңа #ас үй #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);