AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда ХҚКО мен автомектептерде сыбайлас жемқ...

Қазақстанда ХҚКО мен автомектептерде сыбайлас жемқорлық деректері әшкереленді

Заң мен тəртіп Бүгін 10:13 27
Қазақстанда ХҚКО мен автомектептерде сыбайлас жемқорлық деректері әшкереленді
ҰҚК

2026 жылдың басынан бері Астана қаласы мен бірнеше өңірде жүргізуші куәліктерін беру және мемлекеттік қызмет көрсету саласында ірі сыбайлас жемқорлық схемалары анықталды. Тергеу барысында 100 млн теңгеден астам заңсыз сыйақыға қатысты ондаған дерек тіркелген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңбұзушылықтар әшкереленіп жатыр.

2026 жылдың басынан бері Астана қаласы, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу кезінде заңсыз әрекеттер тіркелді. Атап айтқанда, пара алу және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегі анықталған.

Астанада Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға көмектесу үшін жүйелі түрде пара алып отырғаны белгілі болды. Ол емтихан тапсыру процесін заңсыз жолмен жеңілдетіп отырған.

Жалпы алғанда, 100 млн теңгеден асатын 60-тан астам сыбайлас жемқорлық дерегі процестік түрде құжатталған.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО мен Екібастұз қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалдарының басшылары да заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылуда. Олар жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырып, ақшалай сыйақы алған.

Бұдан бөлек, Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы осы корпорация филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану және заңсыз баю деректері анықталған.

Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп Тоқаевқа хат жолдады

Бүгін 11:54

Алматыда мемлекеттік қызметкерге қоятын талап күшейді

Бүгін 11:45

Астана 2026 жылы үшінші халықаралық "Болашақ ойындары" өтеді

Бүгін 11:42

Қазақстан атынан Хорватиядағы Еуропа кубогында кімдер бақ сынайды?

Бүгін 11:36

«Байқа! Алаяқ!»: кибералаяқтар туралы комедия прокатқа шықты

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика