ffin.kz

Қазақстанда Ғашықтар күнінде «Больше чем любовь» әсерлі кинохикаясының онлайн-премьерасы өтті

Қазақстанда Ғашықтар күнінде «Больше чем любовь» әсерлі кинохикаясының онлайн-премьерасы өтті Cурет: Almaty-akshamy.kz

Интернационалды фильм қазақ тілінде субтитрлермен шықты.


Сонымен қатар, таспа эксклюзивті түрде Иви-де тек Қазақстанда ұсынылған.


Бұл танымал қазақстандық актер Фархат Әбдірайымовтың кинодағы соңғы рөлі болды, сондай-ақ грузин киносының патриархы Вахтанг Кикабидзе де фильмнің премьерасын көрмей кетті.


Екі елдің, Қазақстан мен Грузияның кинематографистері баяндаған оқиға Ұлы Отан соғысы ұрыс алаңынан бастау алады. Екі барлаушы грузин Вано мен қазақ Бақытжан тапсырмадан оралып, әуе шабуылына ұшырайды. Бақытжан өз өмірін қатерге тігіп, Ваноны құтқарады. Қаза болған жолдасының төсегінде Вано марқұмның ұрпағы жалғасатынын айтып, ант береді. Алайда, Вано уәдесін орындай алмады, енді немерелері аталарының антын орындауы керек. Вано Бубтың немересі Бақытжанның немересін тауып, оған үйлену үшін Тбилисиден Алматыға аттанады. Бубамен бірге оның үлкен әпкесі Нина да Қазақстанға ұшады. Бубаның немқұрайдылығына байланысты жастар Бақытжанның ұрпақтары тұратын мекенжай жазылған жазбаны жоғалтып алады. Міне, осы кезде нағыз шытырман оқиғалар басталады.



«Мен үшін бұл екі жастың сезімі туралы ғана емес, біздің елдеріміздің мәдени байланыстары, ұқсастықтарымыз бен өзгешеліктеріміз, тарихымых, құндылықтарымыз бен дәстүріміз туралы фильм. Бұл осының бәрінен шыққан хикая», – дейді картинаның қазақстандық тараптағы режиссері Жеңіс Тұматаев.


«Грузиндер ұмытпайды. Ұлы Отан соғысында майдада қазақтармен иық тірестіріп бірге соғысқанымызды ғана еме, Давид патшаның заманында қыпшақтармен бірге ежелгі Тбилисиді селжұқтардан қорғағанымызды да есте сақтаймыз», – дейді груниз режиссері Георгий Кикалеишвили.



Фильмді түсіру оңай болмаған, өйткені процесс пандемия жағдайында өтті: коменданттық сағат, тікелей рейстердің болмауы, әр үш күн сайын бүкіл топ ПТР тесттерін тапсырды, түсірілім рұқсаттарына байланысты қиындықтар туындады. Тбилиси маңында әскери көріністер мен оқиғаның грузиндерге қатысты бөлігі түсірілді. Содан кейін түсірілім тобы Алматыға көшті, онда түсірілім орындары қала тарихындағы көрнекті орындар болды: «Алма-Ата» қонақүйі, Медеу, цирк және басқалары.


Картинада рөлдерде Фархат Әбдірайымов (Фара), Шәріп Серік, Төлепберген Байсақалов, Азат Сейітметов, Данагүл Темірсұлтанова, Қарлығаш Исабекова, Тәуекел Мүсілім, сондай-ақ грузин актерлері Натия Цицилашвили, Илья Чхайдзе, Зураб Кипшидзелер ойнады. Фильмге грузин киносының патриархы Вахтанг Кикабидзе де қатысты.


Әттең, бұл танымал қазақстандық актер Фархат Әбдірайымовтың кинодағы соңғы рөлі болды, сондай-ақ грузин киносының патриархы Вахтанг Кикабидзе де фильмнің премьерасын көрмей кетті.


Ең қиын рөл Төлепберген Байсақаловқа бұйырды. Ол, сценарий бойынша, бірден екі такси жүргізушісінің рөлінде ойнайды: тбилисилік және алматылық.



«Маған такси жүргізушісі Толиктің рөлін ойнау оңай болды, өйткені менің кейіпкерім екі ел арасындағы ұқсастықты білдіреді. Ортақ белгілеріміз бір қарағанда көрінетіндей аз емес, өте көп», – деп бөлісті Төлепберген Байсақалов.



Ал актер Шәріп Серік өзіне үйреншікті емес кейіпкерді сомдады. Қазақстандық көрерменге «районның жігіті» рөлдерімен жатталып қалған Шако енді тұла бойы романтикаға толы кейіпкерді ойнады.



«Менің кейіпкерім Азамат – дұрыс жігіт, «жұрттың баласы» сипатындағы образ. Домбыра шертеді, балалар үйінде балалар музыкалық оркестрін басқарады және жақсы жар болатын қыз іздейді. Алайда тағдыры айдап әкелетін қыз қандай болатынын ешкім білмейді. Сюжеттен бір сәтке де көңіл аударуға болмайтын картина», – дейді ол өзі ойнайтын рөлі туралы.



Туындыда рөлдерде ойнағандар: Фархат Әбдірайымов (Фара), Шәріп Серік, Төлепберген Байсақалов, Азат Сейітметов, Данагүл Темірсұлтанова, Қарлығаш Исабекова, Тәуекел Мүсілім, сондай-ақ грузин актерлері Натия Цицилашвили, Илья Чхайдзе, Зураб Кипшидзе, Вахтанг Кикабидзенің қатысуымен.


Иви онлайн-кинотеатры — ай сайынғы аудиториясы 50 миллионнан асатын бірегей қолданушысы бар ең ірі ресейлік онлайн-кинотеатрлардың бірі. Контент қорында 10 мыңнан астам тайтл бар, түрік және корей сериялардарының кең каталогы, 16 жеке өндіріс жобасы бар. Әзірлеуде ондаған телехикая мен толықметражды картиналар бар, ал көп ұзамай көрермен жаңа маусымның жобаларының премьерасын күтеді: «И снова здравствуйте!», «Дело о пропавшей деревне», «Райцентр» және басқалары. Бүгінде Иви отандық жетекші продюсерлермен, режиссерлермен және актерлермен ынтымақтастық орнатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32