конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда бос жұмыс орындарының алғашқы онлайн-ж...

Қазақстанда бос жұмыс орындарының алғашқы онлайн-жәрмеңкесі өтеді

Әлеумет 07.06.2022, 05:09 1,204
Қазақстанда бос жұмыс орындарының алғашқы онлайн-жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Nurqanatbaizaq.islam.kz

Аталмыш шара 24-30 маусым аралығында өтеді.


Қазақстан Үкіметі бос жұмыс орындарының алғашқы онлайн-жәрмеңкесін өткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ол алдымен еңбек нарығында жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндірді.



«Бірінші кезектегі мәселе - жастарды жұмысқа тарту. Ол үшін орта және ірі кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарына онлайн-жәрмеңке өткізу арқылы жастарды еңбекпен қамту қолға алдық. Биыл мамыр айында ERG компаниялар тобымен бірлесіп, білім беру ұйымдарының түлектерін және 35-ке дейінгі жастарды жұмысқа орналастырудың онлайн-жәрмеңкесі пилоттық режимде өткізілді. Компания 350 жұмыс орнын ұсынды. Бір аптаның ішінде жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келетін 159 жас іріктеуден өтіп, жұмысқа қабылданды. Олардың арасында еліміздің барлық өңірінің өкілдері бар», - деді министр.



Еңбекмині пилоттық жобаның қорытындысын Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Цифрлық даму министрліктерімен жан-жақты зерделеген. Талқылауға тау-кен, металлургия саласындағы кәсіпорындардың және  «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының өкілдері де белсене қатысты.



«Соның нәтижесінде бұл компаниялармен осы жылдың соңына дейін электронды еңбек биржасына 20 мың бос жұмыс орнын орналастыру туралы келісімге келдік. Оның ішінде IT саласы мен «Ауыл - ел бесігі» жобасы да бар», - дейді Дүйсенова Үкімет отырысында.



Бос жұмыс орындардың алғашқы онлайн-жәрмеңкесі 24-30 маусым аралығында өтеді.



«Келешекте ай сайын тұрақты ұйымдастыру көзделіп отырған жәрмеңке тек кәсіпорын орналасқан аймақ тұрғындарына ғана емес, барлық қазақстандықтарға бірдей қолжетімді болуын, жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығын, жұмыс іздеушінің мақсатты таңдауын, жұмыс берушілердің сапалы іріктеу мүмкіндігі болуын қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жұмыс #жәрменке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көшкін қаупі жоғары тоғыз учаске нығайтылды

Бүгін 09:12

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Кеше 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);