AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қазақстанда борышкерлердің несие беру шарттарын қа...

Қазақстанда борышкерлердің несие беру шарттарын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа ережелер әзірленді

Қаржы 14.06.2025, 17:36 850 dulatbekova
Қазақстанда борышкерлердің несие беру шарттарын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа ережелер әзірленді
aikyn.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұжымдық қайта құрылымдау механизмін енгізуді ұсынды.

Бұл механизм арқылы қарыздарды біріктіруге, айыппұлдар мен комиссияларды алып тастауға, қарыз сомасын азайтуға немесе мүлдем кешіруге мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Cонымен, жеңілдік кімдерге жасалады?

Қайта құрылымдауға келесі шарттардың барлығына сәйкес келетін азаматтар жүгіне алады:

Банктер мен микроқаржы ұйымдарында екі немесе одан да көп кепілсіз қарызы бар;

несие бойынша алты айдан астам немесе микронесиелер бойынша үш айдан астам мерзімі өткен төлемдері бар;

Пәтер немесе көлік сияқты кепілге қойылған басқа несиелері жоқ;

Жалпы берешек сомасы 1 600 АЕК-тен (шамамен 6,3 млн теңге) аспайтын.

Мұндай жағдайда азамат ұжымдық қайта құрылымдауға өтініш бере алады. Нәтижесінде несие беруші бірлескен шешім қабылдап, төлем кестесін қайта қарайды. Айыппұл мен өсімпұлды толық алып тастайды. Сонымен қатар 6 айға дейінгі мерзімге төлемді шегеру мүмкіндігін қарастырады.

Қарыз қашан азайтылады немесе кешіріледі?

Мына жағдайда қарыз толық кешіріледі:

Қарыз алаяқтар арқылы рәсімделген болса;

Қарыз алушының жағдайы құжат жүзінде расталған ауыр өмірлік жағдайлармен байланысты болса;

Қарызды өтеуге объективті себептермен қабілетсіз екені барлық несие беруші тарапынан танылса.

Мұндай жағдайда банк міндетті түрде өтінішті қарап, қарызды азайту, пайыздарды алып тастау немесе төлем кестесін өзгерту сияқты шешімдер ұсынуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #Қазақстан #кешіру #қайта қарау #мүмкіндік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);