Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 25 пайызға...

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттаған

Әлеумет 04.01.2023, 10:47 1,258
Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттаған
Сурет: Gov.kz

Азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен. 


Өткен айда азық-түлік тауарлары 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,3%, ақылы қызметтер 0,5%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, желтоқсанда қияр 35,6%, қызанақ 14,6%, тәтті бұрыш 8,4%, пияз 7,9%, қызылша 3,8% қымбаттады.


Құмшекер 3,8%, лимон 0,9% арзандады.


Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде желтоқсан айында техника бағасы айтарлықтай жоғарылаған.


Мәселен, 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда, сымсыз құлаққаптар 7,7%, планшет 6,3%, электрлі жылытқыштар 6,1%, ноутбуктер 3,7% қымбаттады.


Ыдыс жууға арналған құралдардың бағасы 4,5%, кір жуғыш ұнтақтікі 4% өсті.


Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,5% өсті. Туристердің медициналық сақтандыру қызметі 7,3%, көлік жуу қызметі 3,8% қымбаттады.


Коммуналдық қызметтер бойынша тарифтердің төмендеуі орталықтан жылыту (1 гКал) мен ыстық суға (1 м3) байқалды – әрқайсысы 0,4%-дан.


Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелді – әрқайсысында 1,9%-дан (республикалық орташа деңгейден 0,7 п.т. жоғары), ең төмені Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында – әрқайсысында 0,7%-дан.


Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең көп қымбаттауы Қостанай және Жамбыл облыстарында байқалды – 2,5%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар Қостанай облысында – 2,2%, ақылы қызметтер Жетісу облысында – 1,7%.


2022 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,3% құрады.


Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4%-ға, ақылы қызметтер 14,1%-ға өсті.


2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7%, кір сабын 87,6%-ға, кеңсе тауарлары 70,3% қымбаттады.


Керісінше, жылдық мәнде сұйытылған газ (баллондардағы) 23%-ға, қырыққабат 15,2%-ға арзандады.


2022 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағасының индексін жасау кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 30,2%, ақылы қызметтердікі 29,1% құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #баға #азық-түлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.