AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда бір аптада 250 кг есірткі тәркіленді

Қазақстанда бір аптада 250 кг есірткі тәркіленді

Заң мен тəртіп 30.10.2023, 04:42 936
Қазақстанда бір аптада 250 кг есірткі тәркіленді

“Қарасора” арнайы операциясының соңғы аптасында Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында 110 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 125 қылмыскер ұсталды. 250 кг есірткі, оның ішінде 238 кг марихуана, 2 кг гашиш және 10 кг синтетика тәркіленді, – деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Қарағанды қаласына кіре берісте Астананың 35 жастағы тұрғыны ұсталды, оның көлігінен 2,7 кг мефедрон тәркіленді.


Шымкентте жергілікті тұрғынның көлігінен 3,2 кг мефедрон табылды.


Алматыда Skoda автокөлігінің салонын тінту кезінде 6 кг гашиш тәркіленді.


Сонымен қатар Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында Sсаnia жүк көлігі тоқтатылып, 4 келіден астам марихуана анықталды. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тағы 136 кг есірткі табылды.


Жамбыл облысының Шу ауданында жергілікті тұрғын ұсталып, одан 67 кг марихуана тәркіленді. Ұсталған адамның айтуынша, ол бақылаудың азаюын күтіп, есірткіні қыста тасымалдауды жоспарлаған. Демалыс күндері де бұл жұмыс жалғасты.


Астанада жергілікті тұрғынның пәтерін тінту кезінде 1,5 кг мефедрон тәркіленді. 


Ал Теміртауда 22 жастағы есірткі жасырушы ұсталды. Одан 350 грамм мефедрон салынған 300 түйіншек тәркіленді.



– Барлық факті бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Жыл басынан бері ішкі істер органдары барлығы 6 217 құқық бұзушылықты анықтады. 32,5 тонна түрлі есірткі, оның ішінде 5,8 тонна марихуана, 62 кг героин, 270 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесімен айналысқан 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде үш трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды. Есірткі топтарының 14 көшбасшысы және 52 мүшесі ұсталды, олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар. 40 есірткі зертханасы жойылды, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #есірткі #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);