Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда беделді британдық университеттің филиа...

Қазақстанда беделді британдық университеттің филиалы ашылады

Әлеумет 04.02.2022, 10:55 1,285
Қазақстанда беделді британдық университеттің филиалы ашылады
Сурет: Primeminister.kz

Үкімет мүшелері шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. 


Қазақстан Үкіметінің мүшелері мемлекет Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында білім беру саласындағы шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының кампустарын ашу туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов білім беру саласындағы шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді», - делінген Primeminister.kz cайтында. 



Кездесуге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысты.  


Британдық және ресейлік шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының екі филиалын ашу мүмкіндігі қарастырылды, олардың бірі АХҚО алаңында ашылады. 


Филиалдарда оқыту кадрлар даярлаудың басым бағыттары бойынша, сондай-ақ ел экономикасының қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылатын болады. 


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандық тараптың беделді шетелдік университеттердің филиалдарын ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. 


Вице-премьер Білім және ғылым министрлігіне шетелдік университеттердің ұсыныстарын егжей-тегжейлі зерделей отырып, әлеуетті инвесторлармен келіссөздерді жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берді. 


Сондай-ақ Австрия мен Түркия Республикасының инвестициялық компанияларының өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізілді. 


Келіссөздер барысында көпбейінді аурухана ашу, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау саласында инновациялық шешімдерді қолдану мүмкіндіктері қаралды. 


Компаниялардың ұсыныстарын Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарайтын болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#университет #Қазақстан #Англия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Бүгін 16:27

Атырауда әйел полицейден қашқан ұлына көмектескен - видео

Бүгін 16:16

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін 15:26

Атырауда әйел итті күрекпен аяусыз ұрған - видео

Бүгін 14:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика