AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстанда әзірше 39 жолдама бар

Қазақстанда әзірше 39 жолдама бар

Спорт 19.04.2024, 12:32 1,301
Қазақстанда әзірше 39 жолдама бар
Сурет: ашық дереккөз

Қазір лицензияны жарыстың 14 түрінен 37 спортшы алып отыр




Жапонияның астанасы – Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка және каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алты лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бұл көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін. Алда әлі екі жарыс күні бар.


Бүгін каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан әйелдер құрамасы (Мария Бровкова, Руфина Искакова) чемпион атанып, жазғы Ойындарға жолдама алды.


Осыдан кейін байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасы (Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий) мәреге бірінші жетіп, Париждегі кешенді жарыстың билетіне иелік етті.


Сәл ертерек каноэде 500 метрге жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.


Спорттың бұл түрінде жұптық сында лицензия алған екі ескекші Олимпиадада жекелей сында өнер көрсетеді.


Қазір Қазақстан делегациясында 14 спорт түрінен 39 лицензия (37 спортшы) бар.


Сондай-ақ бүгін Азия чемпионатында каноэде 500 метрге жарыста Ульяна Кисилева күміс, сосын байдаркамен жарыста Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова жұбы (500 метр) қола жүлдегер атанды. Осылайша, олар Олимпиялық ойындарға жолдама ала алмады.


Ал Олимпиада бағдарламасына кірмейтін қашықтықта Татьяна Токарницкая (байдарка, 200 м) мен Виктор Степанов (каноэ, 200 м) алтын медальге ие болды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #спорт #лицензия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28

«МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АҢЫЗЫ» атты мерейтойлық кеш өтеді

Бүгін 12:14

Мұғалімдерге не сыйлауға болады?

Бүгін 12:08

Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 11:45

Екі аптаға созылған арпалыс: алматылық дәрігерлер 11 баланың анасы мен оның жаңа туған қызын аман алып қалды

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);