AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды 

Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды 

Экономика Бүгін 09:31 26
Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды 
Primeminister.kz

Науқан былтырғы қарқыннан тез жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда егістік құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі бидай алқаптарының қысқаруы және майлы дақылдардың 5,2 млн гектарға дейін кеңеюіне байланысты 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді. ұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, науқан былтырғы қарқыннан тез жүргізілуде. Еліміздегі жалпы егін жинау алаңы 24,2 млн гектарды құрайды, оның 15,6 млн гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі.

2024 жылдан бастап майлы дақылдар 2,2 млн гектарға ұлғайтылды, содан бергі екі жылда жүгеріге өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қосымша 120 мың гектар бөлінді. Жалпы құрылымдағы майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға дейін өсті.

«Бүгінгі таңда 13,5 млн гектар астық немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды, орташа өнімділік – гектарынан 14,7 центнер. Осы кезеңде 19,9 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардың жалпы көлемі орташа көпжылдық мәндерден жоғары болады деп болжануда, бұл ішкі нарықты астықпен, жем-шөп пен тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді», — деп баяндады Азат Сұлтанов.

АШМ деректері бойынша бүгінгі таңда 2,4 млн гектар жерден майлы дақылдар жиналды, 2,4 млн тонна майлы дақылдар тұқымы бастырылды, ал егін жинау қорытындысы бойынша 5 млн тоннадан астам өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2,9 млн тонна көкөніс, 2,3 млн тонна бақша өнімдері және 2,5 млн тонна картоп жиналды. Мақтаның өнімділігі гектарынан 32 центнер құрады, Осы кезеңде 70,5 мың тонна шикізат алынды, бұл ретте тамшылатып суару алаңы екі жыл ішінде 3 мыңнан 80 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, вице-министр Батыс Қазақстан облысында астық жинау толығымен аяқталғанын, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында алаңдардың 95%-дан астамы жиналғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті

Бүгін 12:16

АШМ: 2027 жылғы өнімге қажетті тұқым қорының 90%-ы дайындалды

Бүгін 12:00

Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бүгін 11:56

Алматының Алмалы ауданында көшені тазалау кестесі өзгерді

Бүгін 11:32

Алматының орталығында бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптасып, тұрғын үйлердің қасбеті жаңарып жатыр

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);