ffin.kz

«ҚАЗАҚСТАНДА ӘРКІМ МАҢЫЗДЫ!»

«ҚАЗАҚСТАНДА ӘРКІМ МАҢЫЗДЫ!» almaty-akshamy.kz

Елімізде осы ұран аясында ұйымдастырылатын жалпыұлттық халық санағы 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында өтеді.


Санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу – 2021 жылғы Ұлттық санақтың басты жаңалығы.


Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн-режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда. 1 қыркүйектен бастап sanaq. gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды. Мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн режимінде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады.


Дәстүрлі жалпы аралау 1–30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайнрежимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады. Бұл кезеңнің жаңашылдығы – интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ін енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуг е, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді.


Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.


ҚАЛАЛЫҚТАР ҚАПЕРІНЕ


Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті хабарлайды: Мәліметтер тікелей жалпы ақпараттар базасына жіберіледі. Мәліметтердің құпиялылығы заңнамамен кепілдендіріледі.


Интервьюерде, яғни сұхбатшыда:



  • мөрмен расталған тиісті куәлік;

  • аралайтын нысандардың тізімі бар мобильді қосымшалы планшет;

  • Ұлттық халық санағының символикасы бар көк түсті шарф пен портфель болады.


Сұхбатшы туралы қосымша ақпаратты sanaq.gov.kz сайтынан қарауға болады. Онда сұхбатшының тегі, аты, әкесінің аты және оның куәлігінің нөмірі көрсетілген тізім республика бойынша орналастырылған.


Сонымен қатар, мобильді және стационар телефондары үшін бірыңғай нөмірі 1446 және 8 8000 800 878 call-орталығына қоңырау шалу арқылы ақпарат алуға болады.


 


«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51