AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда әрбір екінші ғалым - әйел

Қазақстанда әрбір екінші ғалым - әйел

Білім және ғылым 11.02.2026, 09:15 1,077
Қазақстанда әрбір екінші ғалым - әйел
Сурет: Gov.kz

11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл күн - әйелдердің ғылыми ойдың дамуына, инновациялар мен адамзат өркениетінің ілгерілеуіне қосқан зор үлесін айқындайтын маңызды дата. БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен бұл күн ғылымдағы гендерлік теңдікті нығайтуға және жас қыздарды зерттеушілік қызметке тартуға бағытталған.

Қазақстан ғылымындағы әйелдердің рөлі

Бүгінде әйелдер еліміздің ғылыми әлеуетін қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақстанда ғылыми дәрежесі бар 120 896 азаматтың 62 433-і немесе 51,6 пайызы – әйелдер.

Жоғары білім беру жүйесінде де әйелдердің үлесі жоғары. Профессор-оқытушылар құрамының 65,7 пайызын әйелдер құрайды. Оның ішінде:

  • 72,5% – магистрлер,

  • 62,8% – PhD докторлар,

  • 46,9% – бейіні бойынша докторлар,

  • 49,4% – ғылым докторлары,

  • 65,1% – ғылым кандидаттары.

Бұл көрсеткіштер әйел ғалымдардың кәсіби деңгейі мен ғылыми әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді.

Ғылыми зерттеулердегі белсенділік

Қазақстанда ғылыми зерттеулермен 12 893 әйел айналысады. Бұл ғылыми қызметкерлердің жалпы санының 56 пайызына тең. Әйел зерттеушілер іргелі және қолданбалы зерттеулерде, сондай-ақ пәнаралық жобаларда табысты еңбек етуде.

Ғылыми бағыттар бойынша әйелдердің үлесі:

  • жаратылыстану ғылымдарында – 3 625 адам (28%),

  • инженерлік әзірлемелер мен технологияларда – 2 625 адам (20%),

  • гуманитарлық ғылымдарда – 2 471 адам (19%).

Гуманитарлық (66%) және әлеуметтік ғылымдарда (65%) әйелдер басымдыққа ие.

Ғылыми біліктілік көрсеткіштері

Әйелдердің ғылыми дәрежелер бойынша үлесі:

  • ғылым кандидаттары – 60%,

  • бейіні бойынша докторлар және магистрлер – 58%,

  • PhD докторлар – 54%.

Медицина және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылым кандидаты дәрежесіндегі әйелдердің үлесі 72 пайызды құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғалым әйелдер #Ғылым #халықаралық күн #11 ақпан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);