AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қазақстанда алғашқы автоматтандыру хакатоны өтіп ж...

Қазақстанда алғашқы автоматтандыру хакатоны өтіп жатыр

Барлығы 18.03.2025, 15:35 737
Қазақстанда алғашқы автоматтандыру хакатоны өтіп жатыр
Қайрат Қоныспаев

Алматы энергетика және байланыс университетінде (АЭжБУ) электр энергетикасын автоматтандыру бағытындағы тұңғыш хакатон өтуде. Бұл ерекше шара университеттің 50 жылдық мерейтойына орай Central Asia Smart Projects компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ол 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына арналып отыр. 

Хакатон – студенттердің шығармашылық әлеуетін ашып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануына арналған инновациялық алаң. Жарыстың басты мақсаты – болашақ инженерлерді энергетикалық жүйелерді автоматтандыру бағытында даярлау, атап айтқанда, АСКУЭ (автоматтандырылған есепке алу жүйелері) және SCADA (өндірістік бақылау жүйелері) технологиялары бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.

Инновациялық жарысқа еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орындары Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Торайғыров университетінің студенттері қатысып, өз білімдерін сынауда.

Жарыс барысында қатысушыларға нақты өндірістік жағдайларға негізделген тапсырмалар ұсынылды. Олар АСКУЭ мен SCADA жүйелеріне арналған жабдықтарды баптап, интеграциялау жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға небәрі 6 сағат уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар энергетикалық подстанцияның басқару жүйесін әзірлеп, компьютерлеріне шығару міндетін орындауы тиіс. 

АЭжБУ ректоры Ғани Нығыметов хакатонның маңыздылығын атап өтіп, бұл шараның энергетика саласын дамытуда жаңа белес екенін айтты:

– Бұл – автоматтандыру бағытындағы алғашқы хакатон. Мұндай шаралар студенттерге нақты тәжірибе жинауға көмектеседі. Бізге Қазақстанның әр өңірінен техникалық мамандықтағы талантты жастар жиналды. Бұл болашақ инженерлер үшін үлкен мүмкіндік, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Central Asia Smart Projects компаниясының директоры Саят Каликов бұл хакатонның елімізде ғана емес, әлемде де алғашқылардың бірі екенін атап өтті:

– Біз Қазақстанда энергетиканы автоматтандырумен айналысамыз. Бұған дейін хакатондар көбіне ІТ саласында ұйымдастырылатын, ал энергетика бағытында мұндай шаралар болмаған. Сондықтан бұл жарыс – маңызды бастама.  Біз оны жыл сайын өткізіп, түрлі техникалық университеттерге таратуды жоспарлап отырмыз.

Компания өкілдерінің айтуынша, бүгінде энергетикада цифрландырудың маңызы зор. Қолмен есеп жүргізудің орнына, автоматтандырылған жүйелер енгізілуде. Бұл үрдісті дамыту үшін білікті мамандар қажет, ал хакатон осындай мамандарды даярлаудың алғашқы қадамы болмақ.

Қарағанды техникалық университетінің 4-курс студенті, команда капитаны Мадияр Қошқарбаев, автоматтандырудың заман талабына сай сұранысқа ие мамандық екенін атап өтті:

– Біз үшін бұл – алғашқы тәжірибе. Болашақта энергетика жасанды интеллектке сүйенеді. Сондықтан мамандық таңдаудан жаңылмадым деп ойлаймын. Әріптестеріме сәттілік тілеймін! 

Энергетика саласының инженері Мұрат Отарбаев хакатонды студенттер үшін үлкен мүмкіндік ретінде бағалады:

– Бұл жарыс – олардың төрт жыл бойы алған білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдеуге арналған шешуші кезең. Олар заманауи SCADA жүйелерімен жұмыс істеп, өндірістік желілерді басқаруды үйренуде.

Жарыс соңында білікті қазылар алқасы үздік командаларды анықтайды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар табысталып, үздік қатысушылар жетекші компанияларда тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, бұл хакатон – Қазақстандағы энергетика саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам. Ол болашақта жаңа инженерлердің қалыптасуына ықпал етіп, технологиялық дамудың негізін қалауға септігін тигізбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс дәстүрлі түрде өткізіліп, жыл сайын еліміздің әртүрлі техникалық университеттерінде жалғасын табады.

Бұл бастама – Қазақстандағы энергетика саласын автоматтандырудың жаңа белесі. Болашақ инженерлерге жол ашқан хакатон енді жыл сайын өтетін маңызды шараға айналуы әбден мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хакатон #Алматы #инновация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика