AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынш...

Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей операция жасалды

Медицина 24.07.2024, 11:30 1,313 dulatbekova
Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей операция жасалды
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда алғаш рет ұрықтың несеп шығару жүйесінің туа біткен ақауларын түзету үшін жатырішілік араласу жүргізілді.

Операция шетелдік мамандардың қатысуымен мастер-класс шеңберінде UMC клиникасының базасында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өткізілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Жүктіліктің 19-шы аптасында әйелде ұрықтың даму ақауы анықталды. Пренаталдық консилиум ұрықтың қуығын жатырішілік дренаждау қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Бұл өкпе гипоплазиясының алдын алу және болашақ нәресте бүйрегінің қалыпты жұмысын сақтау үшін қажет.

Операция сәтті өтті. Пациенттің жағдайы тұрақты, ұрықтың дамуын динамикалық байқау мен бақылау жоспарланған.

Феталдық хирургия - жаңа туған нәрестелердің өлімі мен мүгедектігінің алдын алу үшін жатырішілік операциялар мен инвазивті араласуларды қамтитын медицинадағы жаңа бағыт. Мұндай емшаралар әлемнің жетекші медициналық орталықтарында жүзеге асырылады.

Енді мұндай жедел араласулар Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жүзеге асырылады, онда бұл үшін барлық жағдай жасалған. Болашақта мұнда диафрагмалық жарықты, ТТС синдромын, сегізкөз-құймышақ тератомасын және тиімділігі әлемдік клиникалық практикамен дәлелденген басқа да даму ақауларын түзету бойынша операциялар жүргізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бірегей ота #жатырішілік #ұрық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика