AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ: ҚАЗОРҒЗИ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН О...

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ: ҚАЗОРҒЗИ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ОНКОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ

Медицина 28.04.2025, 13:38 795 dulatbekova
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ: ҚАЗОРҒЗИ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ОНКОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ
Cурет: Gov.kz

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлер командасы Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық роботтандырылған онкохирургиялық операцияны — кеңейтілген лимфодиссекциясы бар нефрэдреналэктомияны сәтті жасады.

Бірегей хирургия онкологиялық аурудың дамыған сатысында жасалады және зақымдалған бүйректі, бүйрек үсті безін және аймақтық лимфа түйіндерін алып тастауды қамтиды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Операция жаңа буынның роботтандырылған хирургиялық платформасы — Sage bot SR–2000 көмегімен сәтті жасалды, ол күрделі клиникалық жағдайларда да аз инвазивті араласуды жүзеге асырудың кең мүмкіндіктеріне ие.

Бұрын қолданылған жартылай автоматты жүйелерден айырмашылығы,Sage bot SR–2000 пайдалану хирургиялық дәлдіктің, бейнелеудің және бақылаудың сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл бұрын техникалық тұрғыдан қол жеткізу қиын деп саналған онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа перспективаларын ашады.

Роботтандырылған операцияның артықшылықтары:
•Обырдың кең таралған түрлерінде тиімділіктің жоғарылауы
• Араласу көлемін сақтай отырып, тіндердің ең аз жарақаты
• Дәлдікті жақсарту үшін операциялық өрісті 3D-визуализациялау
• Құралдардың микрохирургиялық маневрлігі
• Операциялық топқа физикалық жүктемені азайту
• Пациентті қорғаудың интеллектуалды жүйелері

«Бұл оқиға Қазақстанда онкохирургияны дамытудағы маңызды кезең болды. Біз озық технологияларды енгізу пациенттерге ең күрделі клиникалық жағдайларда да көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін мақтан тұтамыз», - деп атап өтті ҚазОРҒЗИ директоры Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы.

ҚазОРҒЗИ практикасына роботтандырылған хирургияны сәтті енгізу институттың технологиялық көшбасшылық курсын және қазақстандық пациенттердің заманауи және тиімді емдеу әдістеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге ұмтылысын растайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Операция #алғаш рет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);