AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда 60-қа жуық жаңа мамандық пайда болды

Қазақстанда 60-қа жуық жаңа мамандық пайда болды

Білім және ғылым 19.04.2022, 05:41 1,432
Қазақстанда 60-қа жуық жаңа мамандық пайда болды
Сурет: Syrboyi.kz

Қазақстанда 50-ге жуық ескі мамандық бойынша оқыту тоқтатылды және бұрын-соңды болмаған 60-қа жуық мамандық ашылған.


Бұл туралы Үкімет отырысында  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Кадр даярлау бойынша ең басты мәселе – берілген білімнің нарық талабына сәйкес болуы. Оның басты шарты – академиялық дербестік. Мұның алдында қандай пәннің неше сағат оқытылатыны және олардың мазмұны министрлік арқылы, яғни мемлекет арқылы реттелетін. Ал нарық талаптары тез өзгеріп отырады, сондықтан жүйе ескіріп, білім беру бағдарламалары сәйкес келмейтін, жаңа мамандық ашу үшін 1-2 жыл кететін болды. Енді университеттерге академиялық дербестік беріліп, олар білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттарға сәйкес әзірлейді. Яғни, енді мемлекет емес, оқу орны жұмыс берушілермен бірлесе отырып, оқу бағдарламаларын реттеуге мүмкіндік алды», - деді Білім министрі.



Оның айтуынша, ендігі проблема – нарыққа қандай дағдылар қажеттігін анықтайтын кәсіби стандарттардың жетіспейтінінде. Колледждерге де академиялық дербестік беріліп жатыр. Бұған дейін студенттер 2-4 жылға дейін ұзақ оқитын, жұмыс берушінің талаптары ескерілмеді, мектепте оқыған пәндер қайталанып, бір ғана біліктілік алып шығатын. Енді колледждерге кәсіптік стандарттар негізінде оқыту бағдарламасын дербес әзірлеп, оқу мерзімдерін өздері айқындай алады және түлек үш біліктілікке дейін алып шығады.



«Ескірген мамандықтар жойылып, жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Мысалы, 50-ге жуық ескі мамандық бойынша біз оқытуды тоқтаттық және тиісінше 60-қа жуық бұрын-соңды оқытылмаған мамандықтар ашылған. Сапаны қамтамасыз етудің тағы бір шарты – білім беру бағдарламаларын жаңарту. Дайын болған кәсіби стандарттар бойынша университеттерде 4 мыңнан астам бағдарлама жаңартылды. Бұрын болмаған жасанды интеллект, IT-медицина, цифрлық заңгер сияқты 269 жаңа бағдарлама енгізілді. Бұлар «Жаңа болашақ мамандықтар атласына» сәйкес ашылып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.



Айта кетейік, келесі оқу жылы үшін жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамандық #оқыту #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика