AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 300-ге жуық швейцариялық компания жұмы...

Қазақстанда 300-ге жуық швейцариялық компания жұмыс істейді

Әлеумет 05.07.2023, 10:03 1,158
Қазақстанда 300-ге жуық швейцариялық компания жұмыс істейді
Сурет: ашық дереккөз

Швейцарияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 32,6 млрд доллардан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Швейцария - Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі. Экономикамызға тікелей салынған инвестициялар 32,6 млрд доллардан асты. Былтырдың өзінде Швейцариядан елімізге 2,8 млрд доллар инвестиция құйылды. 300-ге жуық швейцариялық компания Қазақстанда жұмыс істейді. «Novartis», «Glencore International», «Сlariant», «Roche Holding», «SGS», «ABB», «Sika», «Bühler Group», «Stadler» сияқты компаниялар – салалық флагмандар», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу швейцариялық дипломаттармен елордада өткен кездесуде.



Оның айтуынша, өткен жылдың аяғында «Қазақстан темір жолы» мен «Stadler» компаниясы ұзақ мерзімді инвестициялық келісімге қол жеткізді.



«Осы орайда, еліміздің нарығына кіруге ниетті швейцариялық компаниялар үшін ең қолайлы жағдай жасауға дайын екенімізді тағы да растаймын. Швейцариямен сауда-экономикалық байланысымыз да тұрақты нығайып келеді. Былтыр 1,4 млрд доллар көлемінде болған тауар айналымы биылғы қаңтар-мамырда 544,8 млн долларға жетті», - деді Мұрат Нұртілеу.



Министрдің айтуынша, жақында Астанада Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өткен және қос елдің Іскерлік кеңесінің келесі басқосуы биылғы күзге жоспарланған.



«Жан-жақты әріптестікті нығайтуға мүдделі екенімізді растап, швейцар тарапын экономикамыздың басым салаларына инвестиция салуға шақырамыз. Әсіресе, химия-фармацевтика өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, инфрақұрылым және логистика салаларында ықпалдастықты дамытудың пәрмені зор», - деді қазақстандық дипломат.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Кеше 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Кеше 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Кеше 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);