AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 1 наурыздан бастап әскерге шақыру баст...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап әскерге шақыру басталады

Әлеумет 25.02.2022, 08:31 1,449
Қазақстанда 1 наурыздан бастап әскерге шақыру басталады
Сурет: Inform.kz

Мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны таяп қалды


Әскерге шақыру комиссияларын жергілікті жерлерде қалалар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info


1 шілдеге дейін Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатарын 17 мыңнан астам әскерге шақырылушы толықтырады. 



«Қолданыстағы заңға сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға негіздері жоқ 18-27 жасқа дейінгі, Қазақстан Республикасының азаматтары мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады. 2021 жылғы көктемгі әскерге шақырудан бастап, әскерге шақыруды кейінге қалдыру  немесе одан босату мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады. Олар азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Аталған қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты. Әскерге шақырылушыларды хабардар етуді SMS-хабарламалар тарату, сондай-ақ үй және қызметтік мекенжайлары бойынша жеке шақыру қағаздарын жолдау арқылы іске асыру жоспарлануда. Жас буынды ПТР зерттеуі 2 рет жүргізілетін болады:  біріншісі – әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екіншісі – жас буын әскери бөлімдерге келген кезде», - деді С.Жүсіпов. 



 Департаменті бастығы ниет білдірген әрбір азамат әскерге шақыру туралы ақпарат және өзін толғандырған сұрақтарға жауап ала алатынын атап өтті. Ол үшін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе жұмыс істейді, әлеуметтік желілерде электрондық жәшіктер мен ресми аккаунттар ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскерге шақыру #көктемгі науқан #сарбаздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);