AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан визасыз елдер тізімін 80 мемлекетке дейі...

Қазақстан визасыз елдер тізімін 80 мемлекетке дейін кеңейтті

Әлеумет 28.12.2022, 14:02 1,182 Almaty-akshamy
Қазақстан визасыз елдер тізімін 80 мемлекетке дейін кеңейтті
Сурет: Inform.kz

Паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды


Қазақстан визасыз елдер тізімін 80 мемлекетке дейін кеңейтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«2022 жылы визасыз елдердің тізімі паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 80 мемлекетке дейін кеңейтілді. Оның ішінде жалпы азаматтық паспорттар үшін - 26 мемлекет. Паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды: Мальдив аралдары, Андорра, Никарагуа, Венесуэла, Боливия, Парагвай, Доминикана, Албания және Белиз», - деді ол министрліктің осы жылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.



Бұдан бөлек, оның айтуынша, осы жылдың 12 қазанында Қатармен дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелері үшін визалардан өзара босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Ол жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босатады.



«Қолайлы инвестициялық ахуалды құру, іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін арттыру үшін ҚР Үкіметі Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Бұл осы елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді», - деді Айбек Смадияров.



Осыған дейін Қазақстанның «жасыл» инвестициялардағы рөлі артып келе жатқанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #паспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);