AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Үкіметі жаңа Инвестициялық саясат тұжыры...

Қазақстан Үкіметі жаңа Инвестициялық саясат тұжырымдамасын бекітті

Әлеумет 23.06.2022, 07:50 882
Қазақстан Үкіметі жаңа Инвестициялық саясат тұжырымдамасын бекітті
Сурет: Gov.kz

Инвестициялардың жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 38 пайызға өскен.


Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжат ел экономикасына тартылатын инвестициялардың өсуіне айтарлықтай ықпал ететін болады. Жалпы, біз инвестициялар өсімінің пандемияға дейінгі деңгейіне жеттік. Биылғы жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,5 пайызға өсіп, 4,1 трлн теңгені құрады», деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.



Үкімет басшысының дерегінше, өңірлер арасында биылғы жылы Ақмола облысы, Шымкент және Алматы қалалары негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімінің жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Ал, Түркістан және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп кеткен.



«2021-ші жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 38 пайызға өсіп, шамамен 24 млрд долларды құрады. Салалар бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп өсімі өнеркәсіпте, саудада, қаржы және сақтандыру қызметінде, көлік пен құрылыста тіркеліп отыр», – деді ол.



Әлихан Смайылов Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымды ел екендігін және бұл жағынан Орталық Азия өңірінде көш бастап тұрғанын баста айтты.



«Қазіргі жағдайда біз осы позицияны нықтай түсіп, шетелдік инвестициялар үшін белсенді қимылдауымыз керек және инвесторларға барынша оңтайлы жағдай жасауымыз қажет. Сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін кеңейту керек. Бүгін ұсынылып отырған Инвестициялық саясат тұжырымдамасы экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың драйверіне айналатын жаңа инвестициялық циклдің бастауы болуы тиіс. Тұжырымдамада 2026-шы жылы негізгі капиталға инвестициялар деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 25,1 пайызына дейін жеткізуді және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 25,5 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздейтін ауқымды мақсатты индикаторлар белгіленген. Мемлекеттік инвестициялық саясат сапалы шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға, экономикалық белсенділікті арттыруға және халықтың табысын ұлғайтуға, оның ішінде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталатын болады», - деген Премьер-Министр тұжырымдаманы бекіту үшін дауыс беруді ұсынды.



Үкімет мүшелері тұжырымдама жобасын қолдап дауыс берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция #Қазақстан #саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика