AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 20-орынға тұрақ...

Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 20-орынға тұрақтады

Спорт 08.08.2023, 07:27 1,268
Қазақстан құрамасы дүбірлі додада  20-орынға тұрақтады
Сурет: Inform.kz

Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Жазғы универсиадада соңғы жүлделер сарапқа салынып, медальдар кестесінің қорытынды нәтижесі шығарылды. 


Қазақстан құрамасы дүбірлі додада барлығы 20 медаль алып, 20-орынға тұрақтады. Ел құрамасының еншісінде 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Медальдар кестесінде 1-орын алған Қытай спортшылары 178 медальға (103 алтын, 40 күміс және 35 қола) ие болды. Одан кейінгі орындардағы Жапония - 93 (21-29-43), Оңтүстік Корея - 58 (17-18-23) медаль алды.


Ел құрамасынан гимнаст Милад Карими мен таеквондошы Рита Бакишева чемпион атанды. Сондай-ақ, Милад Карими тағы бір сайыста «күміс» алса, дәл осындай жүлде оның әріптесі Нариман Курбанов, садақшы Диана Тұрсынбек, гимнастшы Эльжана Таниева (екі мәрте), винтовкадан 50 метр қашықтықта оқ атудан ерлер құрамасы (Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин) және жеке атуда Никита Чирюкинге бұйырды.


«Қола» жүлдегерлер қатарында гимнасшы Милад Карими мен Эльжана Таниева, таэквондодан ерлер құрамасы (Абдурахмон Марипов, Бейбарыс Қаблан, Бексұлтан Мұсахан және Шамсат Дүйсенов), 10 метрге винтовкадан оқу атудан ерлер құрамасы (Малиновский, Сәтпаев, Шахторин), қылышпен семсерлесуден (Жанат Набиев, Назарбай Саттархан және Артем Саркисян), дзюдошылар Бекарыс Сәдуақас, Сұңғат Жұбатқан және Асқар Наркұлов, суға жүзуші Әділбек Мусин, ушу спортынан Бексұлтан Қаскенов және Айгерім Төреханова бар.


Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Жазғы универсиада ойындарына 1993 жылдан бері қатысып келеді. Қазірге дейін барлығы 133 медальға ие болды. Оның ішінде 24-і - алтын, 50-і - күміс, 59-ы - қола.


Жазғы универсиада ойындарында қазақстандықтар алған медальдар:


1993. Буффало (АҚШ) - 1 (0-1-0)


1995. Фукуока (Жапония) - 2 (0-2-0)


1997. Сицилия (Италия) - 0 (0-0-0)


1999. Пальма-де-Мальорка (Испания) - 0 (0-0-0)


2001. Бейжің (Қытай) - 3 (0-3-0)


2003. Тэгу (Оңтүстік Корея) - 6 (2-4-0)


2005. Измир (Түркия) - 9 (1-2-6)


2007. Бангкок (Таиланд) - 16 (5-4-7)


2009. Белград (Сербия) - 7 (1-2-4)


2011. Шэньчжэнь (Қытай) - 6 (0-3-3)


2013. Казань (Ресей) - 30 (3-11-16)


2015. Кванджу (Оңтүстік Корея) - 10 (6-0-4)


2017. Тайбэй (Қытай Республикасы) -16 (3-6-7)


2019. Неаполь (Италия) - 7 (1-5-1)


2023. Чэнду (Қытай) - 20 (2-7-11)


Енді 2025 жылғы Жазғы универсиада Рейн-Рур аймағында өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Универсиада #Қазақстан құрамасы #20-орын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика