Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Қарулы күштерінің үздік сержанты анықтал...

Қазақстан Қарулы күштерінің үздік сержанты анықталды

Әлеумет 24.09.2025, 16:21 645
Қазақстан Қарулы күштерінің үздік сержанты анықталды
Сурет: Gov.kz

ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» оқу орталығының базасында сержанттардың Бүкілармиялық XV байқауы аяқталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жас командирлер арасындағы турнирге бөлімдерде, құрамалар мен өңірлік қолбасшылықтарда іріктеуден өткен тоқсанға жуық сержант қатысты. Әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене даярлығы жеке және командалық есептер бойынша бағаланды.

– Биылғы жиынның ерекшелігі тактикалық медицина элементтерімен нақты ұрыс жағдайын модельдейтін сценарийлерді пысықтау, таулы немесе жоғарғы рельефті жерде бағдар табу, бөлімше құрамында ұрыс жүргізу болды, – деді ҚР ҚК Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов. 

Байқау сегіз кезеңнен тұрды. 7 жаттығуды қамтитын көпсайыс түрінде өткен «Айбын» әскери-спорттық жарысында Десанттық-шабуылдау әскерлері 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Жандарбек Исабеков жеке есепте үздік деп танылды. 14776 әскери бөлімінен аға сержант Бекзат Әжіғалиев «Бағдар» номинациясында топографиялық карталарды пайдалану, шайқаста және маршта бағдарлау жөніндегі нормативтерді орындауда жеңімпаз болды. Тактикалық медицина бойынша өткен «Жәрдем» жарысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 66597 әскери бөлімінің өкілі 2-сыныпты сержант Алмат Аманбаев үздік атанды.

«Қайсар» әскери-кәсіби сайысында сержанттар толық жабдықталған кедергілер жолағын еңсерді. Мұнда Десанттық-шабуылдау әскерлері 18404 әскери бөлімінен 3-сынып сержант Жандос Рақымғазы үздік нәтиже көрсетті. 15 келі жүкпен 21 шақырымға жасаған марш кезінде ол 2 сағатпен рекорд жасады. «Білімпаз» зияткерлік сайысында Әскери полиция бас басқармасының атынан қатысқан 3-сыныпты сержант Ермек Жүнісов жеңімпаз болды. «Мерген» жарысында 14776 әскери бөлімінен 3-сыныпты сержант Данияр Сапаралиев үздік атқыш атанды. Тактикалық дайындық бойынша 7 норматив пен жаттығуды қамтитын «Керуен» кезеңінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 30238 әскери бөлімінің 2-сыныпты сержанты Тілеубай Махамбетов жеңіске жетті. Ол сондай-ақ «Жекпе-жек» жарысында да үздік техникалық жекпе-жек шебері деп танылды.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды 14776 әскери бөлімі иеленді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жеңістің үшінші сатсына көтерілді.

Десанттық-шабуылдау әскерлері 18404 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Рақымғазы «Әскер тұғыры» абсолютті жеңімпаз атнды.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, жарысқа қатысушылар жоғары кәсібилік, тамаша тактикалық дайындық және күш-қуат төзімділігін көрсетті. Байқау мықты сержанттарды анықтап қана қоймай, кәсіби дағдыларды жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жауынгерлік рухты нығайтуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарулы күштер #үздік сержант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Кеше 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Кеше 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Кеше 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Кеше 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика