Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерұлан Жамаубаев...

Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерұлан Жамаубаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесіне сайланды

Шешім 24.07.2024, 17:00 902
Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерұлан Жамаубаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесіне сайланды
Сурет: Akorda.kz

Ерұлан Кенжебекұлы 1974 жылы 25 наурызда туған.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Халықаралық бизнес мектебін тәмамдады. Мамандығы — стратегиялық менеджмент, деп хабарлайды almaty-akhamy.kz.

Халықаралық қаржы ұйымдарында және батыс елдерінің орталық банктерінде «макроэкономикалық және қаржы саясаты», «монетарлық саясат стратегиясы және оны еуропалық орталық банкте жүргізу ерекшеліктері», «макроэкономикалық басқару», «қаржы нарығының құралдары», «қаржылық тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілігін арттырған. 

1996-1998 жылдары — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы;

1998-2014 жылдары — ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры;

2014-2015 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры;

2015-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;

2018-2019 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі;

2019-2020 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2020-2022 жылдары — ҚР Қаржы министрі;

2022-2024 жылдары — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі;

2024 жылғы 20 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2024 жылғы шілдеден бастап жалғыз акционердің шешімімен холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградалық медалінің иегері. 

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері саналатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерұлан Жамаубаев #Бәйтерек #холдинг #директорлар кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Кеше 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Кеше 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Кеше 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Кеше 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Кеше 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика