AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Қазақстан Президентінің жолдауын Францияның қоғам...

Қазақстан Президентінің жолдауын Францияның қоғамдық-саяси және сарапшылар қауымы қызу талқылауда

Жолдау 2023 19.09.2022, 09:59 1,039
Қазақстан Президентінің  жолдауын Францияның қоғамдық-саяси және сарапшылар қауымы қызу талқылауда
Сурет: Qazaqtv.com


Олар республикамыздың Париждегі елшілігінде бас қосып, осы айдың басында Мемлекет басшысы жариялаған реформалар бойынша ой-пікір алмасты.


Қазақстан Президенті ұсынған Жаңа Қазақстан тұжырымдамасына Еуроодақтағылар айрықша назар аударып отыр. Мысалы, айтуларынша, реформалар инвесторлар үшін тұрақтылық кепілі болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттің демократия құндылықтарын қолдайтыны және осы бағыттағы реформаларды одан ары жалғастыратыны адам құқықтарын сақтау мен саяси өрлеу бағдарын айқындап отыр, дейді сарапшылар. Алайда батыл жоспарларды жүзеге асыру үшін қазақстандықтарға жұдырықтай жұмылу қажет, дейді олар.



«Біз сияқты шетелдік инвесторлар тұрақтылықты қалайды. Тек Президент Жолдауы кезінде ғана емес, жалпы, Қазақстандағы ахуалдан үнемі хабардармыз. Өйткені ел аумағында ұзақ уақыт жұмыс жүргізуге ниеттіміз. Жаңа жобалар бойынша жауапкершілігіміз бар, жаңа әріптестермен ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Елдегі оң өзгерістерді Франция үкіметінің өкілдері Қазақстанға барып, өз көзімен көре алады», - Orano компаниялар тобының вице-президенті Поль Мариа.


«Қазақстан үлкен жаңару мен трансформацияның алдында тұр. Бұл Орталық Азия аймағы үшін ерекше оқиға. Және де сіздердегі реформалар сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орындалып жатқанына куәміз», - деді геосаяси журналдың бас редакторы Жан-Батист Ноэ.


«Президент 16 наурызда Жаңа Қазақстан тұжырымдамасын таныстырды, ал 1 қыркүйекте әділетті Қазақстан туралы айтып, әлеуметтік және саяси басымдықтарға мән берілген жаңа реформаларды жариялады. Президенттеріңіз саяси аппаратты жетілдіру, билік тәжірибесін жақсарту бағытында нақты шаралар  жүзеге асатынын жариялады», - деді Ifri францияның халықаралық қатынастар институтының зерттеушісі Микаэль Левистон.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарапшы #пікір #жолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);