Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Президенті Аризона университетінің делег...

Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясын қабылдады

Әлеумет 29.07.2021, 17:26 1,408
Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясын қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің (АҚШ) делегациясымен бейнебайланыс режимінде кездесті, деп хабарлады Almaty-akhamy.kz Akorda.kz cайтына сілтеме жасап.


Кездесу барысында Аризона университеті мен отандық жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды.



Президенттің айтуынша, жаһандану үдерісінің әлем елдеріндегі білім беру саясатына тигізетін әсері артып келеді.



«Кейінгі жиырма жыл ішінде еліміз жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандырды. Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қатынастар көптеген саланы қамтиды. Әсіресе, ғылыми зерттеу және студенттер мен оқытушылар алмасу салаларындағы ықпалдастық маңызды саналады», – деді Мемлекет басшысы.




Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстардың кеңеюі отандық университеттердің академиялық және зерттеушілік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Президент Аризона университетінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық серіктесі болу, сондай-ақ, білім беру сапасын бірлесе арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.



Америкалық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық аясында өңірлік университеттер базасында халықаралық стандарттарға сай бірлескен білім бағдарламалары әзірленеді.


Аризона университетінің өкілдері Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарына барды. Соның ішінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті стратегиялық серіктес ретінде қарастырылып отыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Америка #университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика