. Қыркүйек айының соңына дейін Starlink жүйесін 124 пойызға орнату жоспарланып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазірдің өзінде 59 жолаушылар пойызы спутниктік интернетпен қамтылған. Олар 31 бағыт бойынша қатынайды. Жалпы 770-тен астам вагонда Starlink интернеті жұмыс істеп тұр.
Жоба аясында қыркүйек айының соңына дейін 50 бағыттағы 124 пойыздың 1 235 вагонын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету көзделген.
Starlink пен OneWeb жүйелерін сынақтан өткізу жұмыстары 2025 жылы басталған. Алғашқы пилоттық жобалар Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Бурабай, Астана – Семей және Алматы – Маңғыстау бағыттарында жүзеге асырылды.