AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан паспорты – халықаралық беделдің көрсеткі...

Қазақстан паспорты – халықаралық беделдің көрсеткіші

Әлеумет 24.04.2025, 12:31 844 Bakyt
Қазақстан паспорты – халықаралық беделдің көрсеткіші
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің төлқұжаты – көк паспорттың маңызына ерекше тоқталды. Ол бұл құжаттың қазіргі таңда тек жеке бас куәлігі ғана емес, ұлттық бірегейліктің нышанына айналғанын атап өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Республикасы төлқұжатының халықаралық деңгейдегі абыройы жыл өткен сайын артып келеді. Бұл еліміздің сыртқы саясаттағы салмағы мен ішкі тұрақтылығының нәтижесі.

"Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды. Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді", – деді Президент.

Бүгінде Қазақстанды тұрақты тұруға немесе саяхаттауға қолайлы ел ретінде таңдайтын шетелдік азаматтардың саны артып келеді. Бұл – еліміздің бейбіт, қауіпсіз, ашық қоғам орнатудағы жетістіктерінің нақты көрінісі.

Тоқаев Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позициясына да тоқталып, бұл көрсеткіштердің мемлекеттің даму деңгейін нақты айқындайтынын айтты.

"Қазақстан беделді халықаралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттердің бәрінің дерлік алдында тұр", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, «Тәртіп пен қауіпсіздік» көрсеткіші бойынша еліміз 142 елдің ішінен 43-орынға жайғасқан. Бұл – құқықтық тәртіп пен азаматтардың қорғанысының халықаралық деңгейде мойындалуы.

Көк паспорт бүгінде тек азаматтықтың белгісі ғана емес, Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен халықаралық аренадағы беделінің символына айналды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және дамыған құқықтық жүйенің нақты көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #көк паспорт #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);