конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қазақстан, Өзбекстан, Франция елдері бірлесіп филь...

Қазақстан, Өзбекстан, Франция елдері бірлесіп фильм түсірмек

Не? Қайда? Қашан? 03.10.2022, 08:50 1,986
Қазақстан, Өзбекстан, Франция елдері бірлесіп фильм түсірмек
Сурет: Tengrinews.kz

Үш ел бірлесіп Роза Бағланова туралы толықметражды фильм түсірілмек


Өзбекстанда өткен халықаралық кинофестивальде еліміз ұсынған «Роза» атты фильм сценарийі жүлдегер болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Алдағы уақытта Қазақстан, Өзбекстан, Франция елдері бірлесіп, әншінің өмірі мен шығармашылығын баяндайтын фильм түсіретінін «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, кинодраматург, кинорежиссер Бекболат Шекеров айтты.


Қыркүйек айында Ташкентте өткен халықаралық кинофестиваль аясында Өзбекстандағы Францияның елшілігі үздік сценарийлер арасында «питчинг» ұйымдастырды.


Оған «Қазақфильм» киностудиясы 4 жоба ұсынды. Олардың арасынан қазақтың дара қызы, атақты әншісі Роза Бағланова арналған «Роза» атты сценарий жүлдегерлер қатарынан көрінді.



«Питчинг барысында ең үздік сценарийлер анықталды. Бірінші орынды Тәжікстан қанжығаласа, екінші орынды Қазақстан мен Өзбекстан елдері өзара бөлісті. Біздің «Роза» атты фильмге арнайы жазылған сценарийіміз жоғары баға алды. Осыған орай, Өзбекстандағы Франция елшілігі жобаның ары қарай фильм болып жарыққа шығуына көмектесетінін мәлімдеді. Тиісінше, олар енді алдағы уақытта түсірілер фильмге барлық деректерді жинақтап, оларды француз продюсерлері мен инвесторларға ұсынатын болады. Сол себепті, алдағы уақытта Қазақстан, Өзбекстан және Францияның бірлесуімен әйгілі әнші Роза Тәжібайқызы жайлы толықметражды фильм жарыққа шығады деп ойлап отырмыз», - деді Бекболат Шекеров.



Әйгілі әнші туралы фильм сценарийі нақты фактілер мен оқиғаларға негізделген, ол әншінің тағдырын баяндайтын «байопик» жанрындағы фильм болмақ.



«Кинокартина желісі 1980 жылы 15 сәуірде Роза Тәжібайқызының сол кездегі Ленин сарайында концерт беріп тұрған кезінен басталады. Яғни, ол сахнада ән айтып тұрған кезде, көзі қарауытып, айналасын көрмей қалады. Кейін дәрігер анықтағандай, 1943 жылы майданда жарылған снарядтың ұшқыны оның басында қалып қойған. Сол себепті көздері көрмей қалған. Жалпы, Роза апамыз шығармашылық өмір жолын Ташкент қаласынан бастаған. 1941 жылы осы жерден Ташкент филармониясының құрамында майданға аттанады. Қан майданнан оралған соң, Кеңес үкіметі кезінде Арал теңізінің мәселесін алғашқылардың бірі болып көтерді, 1986 жылғы көтерілісте алаңға жүгіріп шығып, студенттерді солдаттардың ұрып-соғуынан құтқаруға тырысқанын айттым. Жалпы, фильм жайлы материал жинап, сценарий жазуға, жобаны дайындауға екі жыл уақыт кетті. Негізі Роза Тәжібайқызы туралы бүгінге дейін көптеген сериал, деректі фильмдер шыққан. Алайда, әзірге оның жеке өзіне арналған ешқандай көркем фильм жарыққа шықпаған», - деді кинорежиссер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Роза Бағланова #фильм #үш ел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Бүгін 18:30

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);