AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы споттық биткоин...

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы споттық биткоин-ETF қорын іске қосты

Әлеумет 13.08.2025, 17:54 686 yakiya
Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы споттық биткоин-ETF қорын іске қосты
Cурет: Islam.kz

Coindesk.com дерегінше, BETF тикерімен жаңа қор бүгін Астана халықаралық биржасында (AIX) саудаға шығып, жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін қолжетімді болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қор толықтай нақты биткоинмен қамтамасыз етілген. Цифрлық активтерді сақтау қызметін америкалық BitGo Trust компаниясы атқарады. Ол активтерді 250 миллион долларға дейінгі сомаға сақтандырған.

Өнім АҚШ долларымен номинацияланған және криптоинвестицияларға қолайлы юрисдикция мен сыртқы саяси тәуекелдерден қорғаныс ұсынатын Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) қадағалауымен жұмыс істейді.

BETF инвесторларға криптобиржаларды пайдаланбай немесе жеке кілттерді сақтамай-ақ биткоинге қауіпсіз инвестиция салу мүмкіндігін береді.

Қордың іске қосылуы Қазақстанның өңірде криптовалюта құралдарын енгізудегі көшбасшылығын айқындайды және елге қосымша халықаралық капитал тартуға жол ашуы мүмкін.

Споттық биткоин-ETF – бұл негізгі актив ретінде нақты биткоинге ие биржалық қор түрі.

Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттер – Өзбекстан мен Қырғызстан криптовалютаға қатысты сақ саясат ұстанып отыр. Бұл Қазақстанды өңірдегі криптоинвестициялар үшін ең ашық нарыққа айналдырады. Қаржы секторын әртараптандыруға ұмтылған ел үшін реттелетін криптопродукті іске қосу шетелдік капиталды тартуға және жергілікті нарықты жаһандық цифрлық экономикаға интеграциялауға мүмкіндік береді.

BETF дебюті Қазақстанды АҚШ, Канада және Гонконг сияқты споттық биткоин-ETF-ті мақұлдаған елдер қатарына қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Биткоин #қор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);