конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мен Сингапур су ресурстарын басқару және...

Қазақстан мен Сингапур су ресурстарын басқару және Орта дәлізді дамыту саласындағы келісімдерге қол қойды

Экономика Бүгін 11:02 42
Қазақстан мен Сингапур су ресурстарын басқару және Орта дәлізді дамыту саласындағы келісімдерге қол қойды
Primeminister.kz

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесу өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунның келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу саласындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ білім беру саласындағы бірлескен бастамаларға назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар экономикалық әріптестіктің оң динамикасын атап өтті. Былтыр екіжақты сауда көлемі $1 млрд-қа жақындады, осы жылдың алты айында тауар айналымы $777 млн-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайды. 2025 жылы Сингапурдан тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны екі есеге артып, шамамен $1,5 млрд құрады.

Сонымен қатар, екіжақты сауданы одан әрі әртараптандырудың, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асырудың кең ауқымды әлеуеті айқындалды. Ынтымақтастық үшін перспективалы бағыттардың ішінде агроөнеркәсіп және көлік-логистикалық кешендері, цифрландыру және жасанды интеллект салалары атап өтілді.

«Цифрлық трансформация – Қазақстанның стратегиялық басымдығы. Осы жылды Президент Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Біздің еліміз БҰҰ-ның онлайн-қызметтер индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді. Бүгінде Қазақстан алдағы үш жыл ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізу арқылы толық цифрлық экономиканы құру мақсатын көздейтін дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Біздің елдердің үкіметтері бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста және бизнеске одан да көп бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін серіктестік құруға ұмтылуда. Екі ел экономикасында инвестициялар көлемі ұлғаюда, қос мемлекет арасындағы сауда көрсеткіштері өсуде, бұл оның көлемін арттыра түсу үшін негіз қалайды. Біз Қазақстандағы өзгерістер мен өсу мүмкіндіктерін көріп отырмыз, біздің қарым-қатынасымыз одан әрі алға жылжу үшін үлкен әлеуетке ие», — деп атап өтті Ли Сянь Лун.

Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі нығайтуға және қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға дайындық расталды.

Келесі құжаттарға қол қойылды:

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Singapore Cooperation Enterprise арасында «Қалалық су ресурстары мен қалдықтарды орнықты басқару саласындағы көшбасшылық» әлеуетті арттыру бағдарламасы бойынша келісім;

  • Middle Corridor Multimodal Ltd және Singapore Cooperation Enterprise арасында мультимодальды тасымалдар, саудаға жәрдемдесу және цифрландыру салаларындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.

Келісімдер Сингапурдың тәжірибесімен алмасуды, қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ көлік және сауда экожүйелерін, су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуді, соның ішінде Орта дәліздің әлеуетін толық ашуға бағытталған шараларды көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жобалық кеңсенің отырысында қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту талқыланды

Бүгін 11:29

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу басталды

Бүгін 10:57

Алматы қаласында «Үздік педагог – 2026» конкурсы басталды

Бүгін 10:52

Алматыда жыл басынан бері шығарындылар нормасынан асатын 1,3 мыңнан астам автокөлік анықталды

Бүгін 10:45

Алматының әлеуметтік кәсіпкерлері мемлекеттен 5 млн теңгеге дейін қалай ала алады?

Бүгін 10:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);