Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22,9...

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22,94 млрд долларға жетті

Экономика 18.01.2022, 14:01 1,403
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22,94 млрд долларға жетті
Сурет: Qazaqtv.com

Еліміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық 60 есеге артты


1992 жылы өзара алыс-берісті 368 млн доллардан бастаған тараптардың былтырғы жыл қорытындысы бойынша тауарайналым көлемі 23 млрд долларға жуықтаған. Мұндай деректер 2022 жылдың алғашқы күндері жарияланған еліміздегі Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның «Қытай-Қазақстан достығы – екі халықтың баға жетпес байлығы» атты мақаласында келтірілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Сондай-ақ онда аспанасты елі біздің экономикамызға 2020 жылдың соңына дейін есептегеннің өзінде 21 млрд доллардан астам инвестиция құйғаны айтылған. Бұл қаржы өндіріс, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік салалары және «жасыл» экономика бағытындағы жобаларды қолдауға жұмсалған. Қос ел арасында 5 трансшекаралық мұнай-газ құбыры, екі шекаралық теміржол желісі құрылған. Қазақстан Қытай арқылы Тынық мұхитқа жол ашты. Екі мемлекет те Азия мен Еуропаны байланыстырушы маңызды торапқа айналды. Тиімді әріптестіктің аясында халықаралық алаңда елдеріміздің беделі асып, жаңа нарықтар бағындырылып жатыр.



«Долларлық мәнде экспорт пен импорт көлемі 6 трлн 50 млрд-ты құрады. 2013 жылы бұл көрсеткіш алғаш рет 4 трлн долларға жетсе, 8 жылдан кейін бір жылдың ішінде екі рет жаңа тарихи биікке шықты», - деді ҚХР Бас кеден басқармасы Статистика және талдау департаментінің директоры Ли Куйвэн.


«Әлемде өршіп жатқан пандемия жағдайында Қытайдың сыртқы саудасы сандық, сапалық жағынан жақсаруын жалғастырды. 13 жыл қатарынан Қытай – әлемдегі ең ірі экспорттаушы. Сондай-ақ біз күткен нәтижелерден әлдеқайда асып түсті, 14-ші бесжылдықтың жақсы бастауы болатын көрсеткіштерге қол жеткіздік», - деді ҚХР Мемлекеттік ақпарат орталығы болжау бөлімінің Макроэкономикалық зерттеулер зертханасының директоры Ян Минь.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тауарайналым #сауда-саттық #Мақала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика