AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мен Қытай арасында темір жол салынады

Қазақстан мен Қытай арасында темір жол салынады

Экономика 17.10.2023, 10:01 1,712
Қазақстан мен Қытай арасында темір жол салынады
Сурет: Gov.kz

Аталған құжатқа Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында қол қойылды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөздері аяқталғаннан кейін ҚР Көлік министрлігі мен ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында «Аягөз-Тачэн» темір жолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Маңызды құжатқа қазақстандық тараптан Көлік министрі Марат Қарабаев қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2023 жылғы мамырдағы бірлескен мәлімдемесінде көрсетілген Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші трансшекаралық теміржол бойынша маңызды уағдаластықты белсенді іске асыру мақсатында екі елдің жауапты ведомстволары төмендегі бөлімдер бойынша өзара түсіністікке келді:


- Қазақстан мен Қытай арасындағы жерүсті көлік инфрақұрылымының өзара байланысының деңгейін арттыру мақсатында тараптар Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші трансшекаралық теміржол мен өткізу пунктін ашу мүмкіндігін зерделеуге қызығушылық білдіреді. Осыған байланысты, тараптар «Бақты – Покиту» өткізу пунктінде Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық теміржол жолдары құрылысының орындылығын алдын ала зерделеу үшін осы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жасауға дайын.


- Тараптар өз елдерінің тиісті ведомстволарымен олардың трансшекаралық теміржол ынтымақтастығын іске асыруды алдын ала зерделеу функцияларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру жөнінде бастамашлық жасауға дайын.


- Тараптар халықаралық тәжірибеге сәйкес өз мемлекеттерінің аумақтарында учаскелерді алдын ала зерттеуді, жобалауды, салуды және қаржыландыруды жүзеге асыратынын атап өтті.


- Теміржолдың қиылысу нүктесі анықталғаннан кейін Тараптар осы Меморандум шеңберінде трансшекаралық теміржол қатынасының схемасын әзірлеуді аяқтауға қатысты байланыстарды қолдайтын болады, оның ішінде Тараптар жүктерді тасымалдаудың ықтимал әлеуетті көлемдері туралы ақпарат алмасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақстар #Қытай #темір жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарын алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:36

Алматыда күзгі дератизация кезінде 20 мың гектардан астам аумақ дәріленді

Бүгін 16:33

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:36

Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 15:34

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);