AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Тоғызқұмалақ жән...

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Тоғызқұмалақ және интеллектуалдық спорт саласындағы ынтымақтастық күшейді

Спорт 04.02.2026, 18:13 290
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Тоғызқұмалақ және интеллектуалдық спорт саласындағы ынтымақтастық күшейді
ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының баспасөз қызметі

«Dostyq» Қазақстан–Пәкістан спорт орталығы салтанатты түрде ашылды. Бұл шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы 2–4 ақпан аралығында Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ федерациясының өкілдері Пәкістан Ислам Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар Пәкістанға жоспарланған мемлекеттік сапарға дайындық аясында ұйымдастырылды.

Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Пәкістан арасындағы интеллектуалдық спорт түрлері, оның ішінде тоғызқұмалақты халықаралық деңгейде дамыту, бірлескен білім беру және спорттық жобаларды іске асыру, сондай-ақ спорттық дипломатияны нығайту болды.

Делегация құрамы

Қазақстан тарапынан сапарға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Рапиков Бауыржан Серикбайұлы , министрлік өкілдері, Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ федерациясының басшылығы мен жетекші спортшылары қатысты.

Делегация құрамында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті–  ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясының президенті Әкім Тұрсұн, тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы Серік Ақтаев, ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Азамат Қалдыбаев және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ұлттық зияткерлік спорт түрін насихаттаушы мамандар болды.

Негізгі іс-шаралар

3 ақпан күні Исламабад қаласындағы Pakistan Sports Board базасында орналасқан Қазақстан–Пәкістан «Dostyq» спорт орталығы салтанатты түрде ашылды.

Ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасының мемлекеттік әнұрандары орындалды. Пәкістанның провинцияаралық үйлестіру жөніндегі федералды хатшысы және ҚР Туризм және спорт вице-министрі құттықтау сөз сөйледі. Осы жерде тоғызқұмалақ пен шахмат сыныптарының ресми таныстырылымы өтті. Қазақстандық мамандар тоғызқұмалақтың тарихы, ережелері және халықаралық даму перспективалары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, Тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы Серік Ақтаев пәкістандық спортшылар мен жаттықтырушыларға арнап шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында ойынның стратегиялық ерекшеліктері, оқу-жаттығу әдістемелері және халықаралық жарыстарға дайындық тәжірибесімен бөлісті.

Құжаттарға қол қою

Сапар барысында интеллектуалдық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған келесі маңызды құжаттарға қол қойылды. 
Қазақстан–Пәкістан «Dostyq» спорт орталығын құру туралы меморандум түзілді. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралар жол картасы, оның ішінде тоғызқұмалақ бойынша бірлескен турнирлер мен оқу семинарларын өткізу келісілді. Тоғызқұмалақты Пәкістан аумағында дамытуға бағытталған ынтымақтастық жөніндегі уағдаластықтар жасалды. 

Мәдени бағдарлама

Ресми іс-шаралармен қатар, делегация Исламабад қаласындағы «Лок Вирса» халықтық мұра музейін және Пәкістан монументін аралады. Пәкістандық әріптестер тарапынан ресми қабылдаулар мен жұмыс кездесулері ұйымдастырылды.

Сапардың маңызы

Бұл сапар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, тоғызқұмалақты халықаралық деңгейде ілгерілетуге, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын, турнирлер мен білім беру бағдарламаларын өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ федерациясы үшін бұл сапар ұлттық зияткерлік спорт түрін Оңтүстік Азия аймағында таныту жолындағы маңызды қадам болды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#тоғызқұмалақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика