AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан мен Өзбекстан вице-премьерлері бірлескен...

Қазақстан мен Өзбекстан вице-премьерлері бірлескен жобалардың орындалуын тексерді

Әлем 27.02.2023, 05:31 931
Қазақстан мен Өзбекстан вице-премьерлері бірлескен жобалардың орындалуын тексерді
Сурет: Рrimeminister.kz

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.


Қос тараптың жұмыс тобының келесі отырысы наурыз айында Шымкентте өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен ӨР Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев Қазақстан Президентінің желтоқсандағы Өзбекстанға сапары аясында қол қойылған инвестициялық келісімдер мен сауда келісім-шарттарын іске асыруды талқылады.



Тараптар бірқатар жобаның орындалу барысы қанағаттандыртыны туралы атап өтті. Мәселен, Ташкент облысында мультимодальды логистикалық орталықтың құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге шарт жасалды, наурыз айының басында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шартқа қол қою жоспарлануда. Жобаны іске асырудың 2026 жылға дейінгі бірінші кезеңі $70 млн көлемінде инвестиция тартуды көздейді.



Тағы бір перспективті бірлескен жоба – Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын құру. Қаңтар айының соңында тараптар ХӨКО-ның орналасқан жерін алдын ала келісіп, нысанды "Атамекен" (Қазақстан) және "Гүлстан" (Өзбекстан) халықаралық өткізу бекеттерінің аймағында салу болжанып отыр. Уағдаластықтарды жақын арада бекіту жоспарланып отыр.



"Инвестициялық келісімге қол қоюды жеделдететін боламыз. Жобаға елеулі қызығушылық күтілуде", — деді Серік Жұманғарин кооперациялық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу және импортты алмастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысушыларға.



ҚР вице-премьері өзбек серіктестеріне Қырғызстанмен шекарада осындай сауда-логистикалық хаб салу туралы айтып, Өзбекстаннан келген инвесторлар мен кәсіпкерлерді осы жобаға қатысуға шақырды.


Өз кезегінде Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев оны бірлесіп іске асыруға қызығушылық білдірді.



Сондай-ақ кездесуде тараптар алмастырылатын өнімді жүйелі жеткізуді ұйымдастыру үшін бірлескен сыртқы сауда компаниясын құру тұжырымдамасын бекітті. Жұмыс тобының қатысушылары энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, электротехника өнеркәсібі және машина жасау, инфрақұрылымдық құрылыс, фармацевтика, химия салалары саласындағы кооперациялық және инвестициялық жобалардың орындалуын қарастырды. Іске асыру барысында олардың кейбіреулері өзгерістер енгізуді талап етті.



Кооперациялық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу және импортты алмастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жөніндегі қазақ-өзбек жұмыс тобының келесі отырысы 2023 жылғы наурызда Шымкентте өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);