конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін $10 мл...

Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін $10 млрд-қа жеткізбек

Әлеумет 28.10.2022, 13:02 1,062 Almaty-akshamy
Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін $10 млрд-қа жеткізбек
Сурет: Primeminister.kz

Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды


Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов Астанада өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.



«Біз өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге дайынбыз», – деді ҚР Премьер-Министрі.



Өз тарапынан Абдулла Арипов Өзбекстанның барлық басым бағыт бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.



«Қазақстан – еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі. Соңғы бес жылда екіжақты тауар айналымы екі еседен астам өсті. Енді біздің алдымызда өзара сауда көлемін $10 млрд-қа жеткізу міндеті тұр. Елдеріміздің өңірлері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық та нығая түсуде», – деді Абдулла Арипов.



Кездесу қорытындысы бойынша Үкімет басшылары салықтық реттеу, жүк транзиті, білім беру, энергетика, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #инвестиция #жол картасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 17:17

Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Кеше 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);