конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Иран туризм және спорт саласындағы ы...

Қазақстан мен Иран туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму болашағын талқылады

Әлеумет 08.11.2024, 14:23 995
Қазақстан мен Иран туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму болашағын талқылады
ҚР Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукар мырзамен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесу барысында тараптар туризм және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Министр екі ел арасындағы көп ғасырлық тарихи байланыстарға тоқталып, Иран спортшылары ел астанасында ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсеткенін атап өтті. Ербол Мырзабосынов бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ынтымақтастықтың маңызына сенім білдірді.

«Иранның саяхатшыларын, туристік қауымдастық өкілдерін еліміздің бай мәдени және тарихи мұрасымен танысуға және туристік көрмелерге қатысуға шақырамыз. Сондай-ақ Қазақстан спорт саласындағы байланыстарды дамытуға ерекше мән береді. Ирандық спортшыларды елімізде өтетін жарыстарда көруге қуаныштымыз. Аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Өз кезегінде, Әли Акбар Джоукар Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін үлкен әлеует бар екенін айтып, Иранның Түркия, Өзбекстан және Тәжікстанмен ынтымақтастықтың табысты тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстандағы туристік ағымды ұлғайтуға көмектесуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Елші мырза медициналық туризмді қоса алғанда, жаңа туристік бағыттарды дамытуға қызығушылық танытты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран Ислам Республикасы #Ербол Мырзабосынов #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Аустралия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Бүгін 18:36

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:31

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:28

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өкпе обырын скринингтеу жалғасады

Бүгін 17:47

Алматы онкология орталығында өкпе обырының алдын алу апталығы өтті

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);