AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен ту...

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Әлем Бүгін 18:37 51 Сұлу
Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

Бакуда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «ТурАн» (TourAN) бірлескен қазақ-әзербайжан туроператорының ресми ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаның бастамашылары – туристік нарықта тәжірибесі мол және халықаралық жобаларды жүзеге асырып жүрген Discover Jetisu (Қазақстан) және Smile Azerbaijan Tour LLC (Әзербайжан) компаниялары. Тиісті құжаттарға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің ғимаратында қол қойылды.

Жаңа туроператордың жарғылық капиталы 100 мың АҚШ долларын құрап, тараптар арасында тең бөлінді. Компанияның қызметі экотуризмді, мәдени және гастрономиялық турларды, сондай-ақ медициналық және іскерлік туризмді қоса алғанда, туристік қызметтердің кең ауқымын қамтиды.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел бірыңғай туроператор құру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің біртұтас туристік бағыт ретінде халықаралық тартымдылығын арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары өзара туристік алмасудың оң динамикасы байқалуда, ал мұндай бастамаларды іске асыру туристер ағынын одан әрі арттыруға септігін тигізеді.

Дипломат 2024-2025 жылдары Қазақстанның Бакудағы Елшілігі салалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған екі қазақ-әзербайжан туристік форумын ұйымдастырғанын еске салды. Үшінші форумды биыл Түркістанда өткізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Әзербайжан арасында дамыған әуе қатынасы бар. Тікелей рейстерді Air Astana, FlyArystan және Azerbaijan Airlines әуе компаниялары Баку - Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент бағыттары бойынша орындайды. Аптасына 30-дан астам рейс жүзеге асырылады.

«ТурАн»-ның іске қосылуы екі елдің туристік саласын дамытудағы маңызды қадам болып, инвестициялық белсенділіктің артуына және халықаралық нарықтарда бірлескен туристік өнімдердің қалыптасуына ықпал етеді деп күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әзербайжан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика