AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан командасы Үндістандағы әскери-спорттық д...

Қазақстан командасы Үндістандағы әскери-спорттық дуатлоннан қола медаль алды

Спорт 27.02.2026, 10:24 201 dulatbekova
Қазақстан командасы Үндістандағы әскери-спорттық дуатлоннан қола медаль алды
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының командасы Үндістанда өткен халықаралық әскери-спорттық ойындарда (International Military Adventure Challenge Cup) сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл сайысқа Үндістан, Қазақстан, Шри-Ланка, Бразилия, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Бутан және Непал елдерінен келген 12 команда құрамында 150-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс ережесіне сай D (дуатлон) бағдарламасына қатысушылар бір күн ішінде 9 сағаттық белгіленген уақыт шегінде 80 шақырымнан астам қашықтықты бағындыруы тиіс болды.

Қазақстандық спортшылар таулы жердегі 21 шақырымдық жүгіру мен таулы трассадағы 59,5 шақырымдық веложарыстан тұратын сайыстың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті. Олар барлық кедергілерді сәтті еңсеріп, 6 сағат 46 минут 25 секунд көрсеткішімен D (дуатлон) бағдарламасында жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Команда жетекшісі полковник Еркебұлан Түсіпханов еліміздің мұндай форматтағы жарысқа алғаш рет қатысып отырғанын атап өтті.

– Команда бар күш-қуатын сарқа жұмсады. Таулы трасса айтарлықтай қиындық туғызды. Спортшылардың арасында жеңіл жарақат алғандар да болды. Соған қарамастан, біздің жігіттер бар күш-жігерін жинап, жауынгерлік мінез танытып, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді, – деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша D (дуатлон) санатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Үндістан Әскери-әуе күштерінің командасы, екінші орынды Бутан құрамасы, үшінші орынды Қазақстан командасы иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #спорт #қола
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);