Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қазақстан жауынгерінің сүйегі елге қайтарылды

Қазақстан жауынгерінің сүйегі елге қайтарылды

Оқиға 16.08.2022, 03:00 1,139
Қазақстан жауынгерінің сүйегі елге қайтарылды
Сурет: kazembassy.ru

1902 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы


Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Елшіліктің ресми сайтының жазуынша, іс-шараға Елшіліктің дипломаттары, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің, «Ресей іздеу қозғалысы» ұйымының, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Жауынгердің сүйегін 2022 жылдың 9 шілдесінде Ленинград облысының Тоснен ауданындағы «Заслон» іздеу тобы тапты. Жауынгер медальонында сақталған бланкінің арқасында жауынгердің жеке басы анықталды - Дузбаев Қалей, 1902 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы.
Ресейлік іздеушілер «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігіне хабарласып, олар сарбаздың туыстарын іздеуге кіріскен, өкінішке орай, оларды таба алмаған. Жақын арада жауынгерді туған жерінде толық құрметпен қайта жерлеу жоспарлануда.
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев бұл күндері Калуга облысында әскери-тарихи экспедицияға қазақстандық «Atamnyn Amanaty» біріктірілген іздестіру жасағы алғаш рет қатысып жатқанын айтты. Ол қазақстандық және ресейлік іздестіру жасақтарының бірлескен жұмысы жақсарып, тың серпін алып жатқанына риза екенін жеткізді.
Өз кезегінде «Ресей іздеу қозғалысы» ұйымының өкілі Дмитрий Федосов Қалей Дүзбаевтың туыстары ерте ме, кеш пе табылып, бейітін зиярат ете алады деген үмітін және жауынгер тағдырына атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді.
Қазақстандық және ресейлік іздеу жасақтарының бірлескен жұмысы жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ресей #жауынгер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09

Алматыда жастарға арналған құқықтық квест-марафон басталды

Бүгін 15:33

Алматыда өткен жартылай марафонда Қытайдан келген қатысушы жарыс жолының жаңа рекордын орнатты

Бүгін 15:26

Алматыда Жас сайлаушылар клубының үшінші отырысы өтті

Бүгін 15:18

Шыңғыс Айтматовтың қарындасы қазақ еліне көңіл айтты

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика