Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Израиль-Палестина шиеленісін бейбіт диа...

Қазақстан Израиль-Палестина шиеленісін бейбіт диалог арқылы шешуге бейілді

Саясат 12.11.2023, 05:19 1,828
Қазақстан Израиль-Палестина шиеленісін бейбіт  диалог арқылы шешуге бейілді
gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Сұхбат барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі сипатын атап өтті.


Израиль Сыртқы істер министрі Таяу Шығыстағы Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыс аясындағы қазіргі жағдаймен таныстырды.


М. Нұртілеу қақтығыстың шиеленісуіне және әскери іс-қимыл аймағындағы жағдайдың өршуіне алаңдаушылық білдірді. ҚР СІМ басшысы қазіргі қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді.


Қазақстан министрі қақтығысушы тараптарды Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықтың жолдарын іздеуге шақырды. Бұл мәселенің бүкіл әлем қауымдастығы үшін жаһандық маңызы бар екеніне назар аударды.



Осы тұрғыда қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД Саммитіндегі мәлімдемесін атап өтіп, жағдайдың шиеленісуі тек Таяу Шығыста ғана емес, жалпы әлемде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін баса айтты. Осыған байланысты Қазақстан Израиль-Палестина шиеленісін бейбіт келіссөздер мен дипломатиялық диалог арқылы шешуге бейілді.



М. Нұртілеу израильдік әріптесіне Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға жәрдемдесу туралы сенімді өтініш білдіріп, бұл міндеттің еліміз үшін бірінші кезектегі басымдық екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Э. Коэнді қазақстандықтардың Отанымызға тезірек оралуы бойынша Мысыр билігімен жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы хабардар етті.


Министр Э. Коэн берілген ақпарат үшін әріптесіне алғыс айтып, Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешуге бар күш-жігерін салатынына және бұл мәселені өзінің жеке бақылауға алатындығын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Израйль #Палестина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика