Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазақстан халқына қоры» әлеуметтік жобаларды жүзе...

«Қазақстан халқына қоры» әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатыр

Әлеумет 25.11.2023, 10:44 1,387
«Қазақстан халқына қоры» әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатыр
Сурет: интернеттен

Қор Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылы құрылған.


Қор құрылған сәттен бастап денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және оңалту салаларындағы күрмеулі мәселелерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Аталған бағытта соңғы 2 жылда аймаққа 3,0 млрд теңге қаржы бөлінген.



Атап айтқанда, онкологиялық скрининг жүргізуге арналған құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 2 жылжымалы медициналық кешен өз жұмысына кірісті. Жылжымалы кешен алғаш рет табысталған республиканың 3 өңірінің бірі ретінде Қызылорда облысы таңдалды. Кешен халықтың денсаулығындағы кінәратты ерте анықтаудың мүмкіндігін арттырады.



Бұл өз кезегінде, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға, орташа өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік береді.


2 көліктен тұратын жылжымалы медициналық кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен және жоғары дәлдікпен зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған. Екі құрал да Жапонияда жасалған. Мұндай кластағы және конфигурациядағы медициналық жабдық Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілуде.



"QH Денсаулық жолы" жобасының іске асырылуы онкологиялық ауруға шалдыққандарды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Халықты онкологиялық скринингпен қамту бойынша қазіргі жоспар 60%-ды құрайды. Жобаны енгізу арқылы пилоттық өңірлер бойынша тексерумен қамтуды 70%-ға дейін ұлғайту көзделуде.



Атап өту керек, жылжымалы кешен 22 қарашадан бастап, Байқоңыр қаласында өз жұмысын бастады. Ал, желтоқсан айының басынан Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, аудандарына шығып, жыл аяғына дейін 2 мыңнан аса тұрғынды онкоскринингтен өтпеген мақсатты контингетті және де сақтандырылмаған азаматтарды жылжымалы медициналық кешеннің зерттеу түрлерімен қамту жоспарлануда.


Мобильді бригада құрамы 12 маманмен, атап айтқанда онколог дәрігері, ультрадыбыстық зерттеу дәрігері, сәулелік диагностика дәрігері, рентген-лаборант және т.б мамандарымен қамтылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қор #жоба #Қазақстан #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Тас лақтырып, тиіскен": Алматыдағы саябақта жасөспірімдер тұрғындарға шабуыл жасады

Бүгін 10:04

Шымкентте өз қызын 11 жасынан бастап зорлаған ер адам сотталды

Бүгін 09:52

Алматыда қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіліп, бірыңғай мониторинг жүйесі енгізіледі

Бүгін 09:42

ЖОО мен ғылым саласында жаңа Конституция құндылықтарын енгізу жұмысы күшейді

Бүгін 09:39

Павлодарда үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика