AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды да...

Қазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа индексінде әлемде 55-орынға ие болды

Білім және ғылым Бүгін 10:05 57
Қазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа индексінде әлемде 55-орынға ие болды
gov.kz

Қазақстан Coursera Global Skills Report 2026 жаһандық есебі аясында ұсынылған жаңа AI-Human Skills Synergy Index 2026 индексінде 98 елдің ішінде 55-орынға ие болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа индекс білім алушылардың жасанды интеллект саласындағы дағдыларды оларды тиімді қолдануға қажетті сыни ойлау, көшбасшылық, коммуникация және күрделі міндеттерді шешу сияқты негізгі адами құзыреттермен қатар қаншалықты белсенді дамытып жатқанын бағалайды.

Индекс онлайн оқыту пайдаланушылары арасында дағдыларды дамыту динамикасын, сондай-ақ оларды ел деңгейінде қолдануға қажетті жағдайларды ескереді. Coursera әдістемесіне сәйкес қорытынды баға дағдыларды меңгеру деңгейі, зерделенетін құзыреттердің ауқымы және AI дағдылары мен адами дағдылардың үйлесімі жөніндегі көрсеткіштерге, сондай-ақ Oxford Insights Government AI Readiness Index деректеріне негізделеді. Аталған индекс мемлекеттердің жасанды интеллект әлеуетін пайдалану мүмкіндігін мемлекеттік саясат, инфрақұрылым, адами капитал, AI секторының дамуы және басқа да факторларды ескере отырып бағалайды.

«Қазақстан AI-Sana ұлттық бағдарламасын іске қосқанда цифрлық курстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жеткіліксіз екенін түсіндік. Жүйелі өзгерістерге қол жеткізу үшін алынған білімді білім беру процесіне енгізіп, оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін жағдай жасау маңызды болды. Бүгінде бағдарламаға 100 жоғары оқу орны қатысып, курстарды білім беру процесіне енгізу, нәтижелерді бақылау және жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуына сәйкес оқу мазмұнын тұрақты түрде жаңарту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар оқытушылардың цифрлық және педагогикалық құзыреттерін дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Қазірдің өзінде 1 200-ден астам педагог заманауи онлайн оқыту әдістерін меңгеріп, сапалы 35 авторлық курс әзірлеуге қатысты. Бұл тәсіл жасанды интеллект саласындағы білімге қолжетімділікті кеңейтіп қана қоймай студенттерді өзгермелі еңбек нарығының талаптарына жүйелі түрде дайындауға мүмкіндік береді», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Қазақстанның нәтижесі цифрлық оқытудың белсенді пайдаланушылары арасында жасанды интеллект саласындағы техникалық құзыреттерге ғана емес, оларды іс жүзінде тиімді қолдануға қажетті дағдыларға да тұрақты қызығушылық бар екенін көрсетеді. Жасанды интеллект білім беру үдерісіне, кәсіби қызметке және күнделікті жұмыс міндеттеріне кеңінен еніп жатқан қазіргі жағдайда мұндай дағдыларды қатар дамыту айрықша маңызға ие.

Бұл ретте AI-Human Skills Synergy Index көрсеткіштерін оның әдістемелік ерекшеліктерін ескере отырып қарастырған жөн. Coursera деректері негізінен платформа пайдаланушыларының білім алуға қатысты белсенділігін көрсетеді және елдегі барлық халықтың дағдылар деңгейін тікелей сипаттамайды. Сондықтан Қазақстанның нәтижесі цифрлық оқытуға қатысушылар арасында AI және адами дағдылардың даму динамикасын көрсететін халықаралық көрсеткіш әрі құзыреттерді дамытудағы жаһандық үрдістерді бағалаудың қосымша құралы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары алматылық зейнеткерлерді әртүрлі салаға бейімдеп жатыр

Бүгін 10:12

Алматыда жыл басынан бері құрамында сынап бар 60 мыңға жуық қалдық жиналып, кәдеге жаратылды

Бүгін 10:07

Олимпиада чемпионы Ли Нин Алматыдағы спорт мектебіне барды

Бүгін 09:33

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйледі

Кеше 22:15

Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан теміржол бағытын дамытуға ниетті

Кеше 21:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);