конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан бойынша 114 «SOS» түймесі орнатылды

Қазақстан бойынша 114 «SOS» түймесі орнатылды

Әлеумет 28.02.2022, 07:02 1,518
Қазақстан бойынша 114 «SOS» түймесі орнатылды
Сурет: Okeydrive.ru

«SOS» түймелері көмекке келеді.


Бұл туралы онлайн брифингте Ішкі істер министрлігі ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов мәлімдеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 



«Заңға қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде «SOS» түймелері көмекке келеді. Қазір елімізде 114 осындай құрылғы орнатылған. Қызметтік жұмысты цифрландырудың маңызды жобаларының бірі – Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлескен қылмыстық іс жүргізуді электрондық форматта жүргізу жобасы. Бүгінде тергеушілер мен анықтаушылардың барлық жұмыс орындары қажетті техникамен, құрал-жабдықтармен жабдықталған. Тиісті байланыс арналары ұйымдастырылған», – деді Әділ Сәрсенов. 



Департаменттің бас маманы «102» мобильді қосымшасының телефон арқылы түсетін қоңыраулардан бөлек, әлеуметтік желі арқылы түсетін мәліметтерді де тіркейтінін айтады.



«102 мобильді қосымшаға тіркелу арқылы азаматтар жедел басқару орталығының желісі бойынша хабарлама қалдыра алады. Жол-көлік оқиғалары, жол ережелерін бұзу, бала кезінде куә болған заңға қайшы оқиға, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы пен бірге фото және бейнематериал қоса бере алады. Қазіргі таңда «102» қосымшасын 53 мыңнан астам қолданушы жүктеген. Қосымша жұмыс істей бастағаннан бері 128 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. Оның ішінде Telegram арқылы 5610, Facebook арқылы 3914, Вконтакте арқылы 484, ІІМ сайты арқылы 20367 хабарлама жолданған», – деді Әділ Сәрсенов. 



Министрлік өкілінің айтуынша, аталмыш қосымшаның көмегімен кез келген автокөліктің VIN және мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіп, көлік құралының тарихы туралы ақпарат алуға болады. Бұл қызмет іске қосылған сәттен бастап азаматтардан 5 мыңдай сұрау түскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #көмек #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);